Қазақстанда орташа жалақы қалай анықталады?

Қазақстанда орташа жалақы қалай анықталады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов Қазақстанда орташа айлық жалақы қалай есептелетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол кейінгі тоқсанда елімізде орташа айлық жалақы мөлшері 285 мың теңге болғанын атап өтті.

"285 мың теңге болуына әсер ететін бірнеше фактор бар. Бұл - орташа жалақы, жеке салалар да бар, мысалы, тау-кен, банк, қаржы қызметі, онда жалақы әлдеқайда жоғары. Осылайша, олар орташа деңгей өседі.

Өңірлерге қарасақ, жалақы ел бойынша орташа деңгейден жоғары болатын мұнай өндіретін өңірлер бар. Мысалы, Атырау, Маңғыстау облыстарында ел бойынша жалақының ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа деңгейді есептесеңіз, ол статистикада көрсетілгендей, осындай аутлайерлердің арқасында шығарылады", - деді Жандос Шаймарданов.

Ол орташа арифметикалық жалақыдан басқа, медианалық жалақы көрсеткіші бар екенін атап өтті.

"Жылына бір рет медианалық жалақыны көрсетеміз. Айталық, 285 мың теңге - бұл 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша орташа жалақы мөлшері. 2021 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы 250 мың теңгеге жуық болған. Бұл орайда медианалық жалақы 158 мың теңге болған.

Орташа жалақы немесе арифметикалық орташа жалақы мөлшері - барлық жалақыны қосып, бақыланатын адамдар санына бөлген кезде шығатын шама. Медианалық жалақы - бұл ортасындағы шама. Мысалы, үш адамды алайық. Біріншісінде - 100 мың, екіншісінде - 150 мың, үшіншісінде - 500 мың. Мұнда медианалық көрсеткіш 150 мың болады. Яғни, ортасында не бар, сол болады", - деп толықтырды Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Ж. Қадыржанова