Жақын күндері "Экономика сабақтарының" 1-дәрісі жарияланады

Жақын күндері  "Экономика сабақтарының" 1-дәрісі жарияланады
Фото: massaget.kz

Құрметті оқырмандар! Massaget.kz порталы «Samruk-Kazyna Trust» компаниясымен біріге отырып, қарашаның 21 күнінен бастап экономика ілімі туралы видео-дәрістер жүргізетінін айтқан болатынбыз. Бас-аяғы 25 бөлімнен тұратын сабақта экономикалық ғылыми терминдердің мағынасы кеңінен ашылады. Жүргізуші мен экономист аталған ғылымды қарапайым тілде жеткізеді.

21-27 қараша аралығында алғашқы бес дәріс өтеді. Мұнда экономика туралы жалпы мағлұмат беріледі. 

Алғашқы дәрісте экономика ғылымы туралы жалпы түсінік беріледі. Бұл терминді ойлап тапқан Аристотельден бастап, экономиканың қазіргі күйіне дейін сараланады. Күнделікті көзбен көріп, қолмен ұстап жүрген дүниелердің өзі экономикамен байланысы барын біле аласыздар. Экономикаға қатысты терминдердің толық мағынасын біліп, қоғамдағы экономиканың маңызды рөлін түсіне аласыздар.


Ж. Жұмағұлов