"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы

"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы
Фото: massaget.kz

Massaget.kz жастар порталы «Samruk-Kazyna Trust» компаниясымен біріге отырып, 21 қарашадан бастап экономика ілімі туралы видеодәрістер жүргізе бастады. 25 дәрістен тұратын жобаның алғашқы он бөлімі жарыққа шықты. Енді алдыңғы аптада жарияланатын 21-25-сабақтардың бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

21-cабақ (19 желтоқсан). Бұл сабақта мемлекеттік экономикада ақшаны кімнің басқаратынын біле аласыздар. Жүргізуші мен экономист ұлттық банк ұғымын кеңінен таратады.

22-cабақ (20 желтоқсан). Ал бұл сабақта қоғамдағы еңбек нарығының рөлін түсінесіздер. Еңбек динамикасы, еңбек сұранысы мен ұсынысы деген терминдер туралы мағлұмат аласыздар. 

23-сабақ (21 желтоқсан). Әлемдік нарық, әлемдік сауда әр елдің экономикасына әсер ете алады деп ойлайсыз ба? Олай болса, осы сабақтан жауабын білуге болады.

24-сабақ (22 желтоқсан). Бұл сабақта әлеуметтік кәсіпкерлік туралы кеңінен біле алатын боласыздар. Дәйекті болу үшін маман Тимур Бектур әлеуметтік кәсіпкерлік туралы таратып айтып береді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын «Самұрық-Қазына Trust» қорының өкілі өз мүмкіндіктері туралы кеңінен тарқатады.

25-сабақ (23 желтоқсан). "Экономика сабақтарының" соңғы шығарылымында өтілген тақырыптарға қысқаша шолу жасалынып, айтылған негізгі ұғымдар қорытындылады.

Г. Берік