"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы

"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы
Фото: massaget.kz

Massaget.kz жастар порталы «Samruk-Kazyna Trust» компаниясымен біріге отырып, 21 қарашадан бастап экономика ілімі туралы видеодәрістер жүргізе бастады. 25 дәрістен тұратын жобаның алғашқы он бөлімі жарыққа шықты. Енді алдыңғы аптада жарияланатын 16-20-сабақтардың бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

16-сабақ (12 желтоқсан). Бұл сабақ экономикалық өсу тақырыбына арналады. Бұл дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде ұлттық экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының өсуі. Жүргізуші мен экономист осы тақырыпты кеңінен ашып айтып береді.

17-сабақ (13 желтоқсан). Ал 17-сабақ инфляция туралы болмақ. Инфляция – тауар мен қызмет бағасының көтерілуі. Бұл анықтамадан басқа қызықты ақпараттар бар. 17-сабақты жіберіп алмаңыздар!

18-сабақ (14 желтоқсан). 18-сабақта "әмияныңыздың қонақтары" туралы көп мәлімет ала аласыз. Яғни, ақша туралы. Ол қалай жасалады, қандай қорғаныс қабаттарынан тұрады деген сұрақтарға жауап ала аласыз.

19-сабақ (15 желтоқсан). Бұл дәрісте биржа ұғымының мағынасына қанық боласыздар. Жаңалықтардан жиі еститін KASE, FOREX қор биржаларының қызметтері туралы да сөз етіледі.

20-сабақ (16 желтоқсан). Нарықтық экономикада нарықтық валюта өмір сүреді. Оның қызметі мен міндеті қандай, оның құны неге байланысты өсіп отырады деген сұрақтарға жауап ала аласыздар.

Г. Берік