"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы

"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы
Фото: massaget.kz

Massaget.kz жастар порталы «Samruk-Kazyna Trust» компаниясымен біріге отырып, 21 қарашадан бастап экономика ілімі туралы видеодәрістер жүргізе бастады. 25 дәрістен тұратын жобаның алғашқы он бөлімі жарыққа шықты. Енді алдыңғы аптада жарияланатын 11-15-сабақтардың бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

11-сабақ (5 желтоқсан). Бұл сабақтан экономика ғылымындағы ЖІӨ ұғымы туралы кеңінен біле аласыздар. Экономист жер көлемі аталған ұғымға әсер етуі мүмкін бе деген секілді сұрақтарға жауап береді.

12-сабақ (6 желтоқсан). Өнімділік деген не? Онсыз экономика дами ма? Табыс пен өнімділік қалай байланысады? "Экономика сабақтарының" 12-дәрісінде өнімділіктің негізін кеңінен біле аласыздар.

13-сабақ (7 желтоқсан). Экономикалық сауаттылық қай кезде де керек болады. Қолыңызға сапасыз тауар түссе, заңды жолмен мәселені қалай шешуге болатынын білесіз бе? Бұл сабақта осы туралы көп мағлұмат біле аласыздар.

14-сабақ (8 желтоқсан). 14-сабақ салық тақырыбына арналады. Бұл сабақта жүргізуші мен экономист салықтың түрлерін, олардың әрқайсысының мақсатын ажыратып айтып береді.

15-сабақ (9 желтоқсан). Мемлекеттік бюджет қалай жиналады деп ойлайсыз? Бюджет тапшылығы немен байланысты болуы мүмкін? Әрине, инфляциямен. Өзге де факторлар мемлекеттік бюджетке қалай әсер ететінін осы сабақтан толық біле аласыздар.
Г. Берік