Баспасөз және Интернет

Баспасөз және Интернет
жеке
блог

Көптеген Медиа майталмандары 2030 жылға дейін қағаз газеттің ғұмыры бітеді деген болжам жайлы айтады. Алдында «Практическая журналистика в Казахстане» деген кітапты оқып жүргенім жайлы айтқан болатынмын. Ішінде көптеген қысқа-нұсқа кеңестер, жалпы журналистика жайлы пайдалы мағлұматтар бар. 

Кітапта ең алғаш өз тәжірибесімен Арман Шураев деген журналист бөлісіпті. Оның айтуы бойынша:

«Жарнаманың 70 пайызы теледидарларға келеді. Бұл газет басылымдардан гөрі телевидениенің дамып кеткенін көрсетеді. Мен Америкада тәжірибе алмасу іс-сапарында болдым, содан айтарым, ондағы американдық газеттердің шығарылым данасы біздің елдің басылымдарына түсіне де кірмейді. Штатта 5 млн. халық тұрып жатса да, бір аптада шығатын газеттердің топтамасы 15 млн. данаға жуық. Бұл сандар адамдардың газет оқитынын білдіреді. Интернеттің дамуы жағынан бізден әлдеқайда ілгері екенін айтпағанда.
Біздің БАҚ нарығының проблемасы – баспа БАҚ-тың даму деңгейінің төмендігі. Оған себеп – қағаздың қымбаттығы, оқырмандардың қызығушылығының төмендігі. Бәлкім, қарапайым халықтың бірнеше газетті сатып алуға қалтасының көтермеуі де болар, оларға теледидарды қоса салу ыңғайлы».

 

Біздің жағдайда жаңалықтарды интернеттен оқи салған ыңғайлы. Міне, осыдан қазіргі уақытта газет басылымдардың дағдарысқа ұшырап жатқанына түсінік берілгендей. Өзім осындай баспалардың бірінде жұмыс жасайтындықтан мемлекеттің көмегі жақсы әсер етіп жатқанын айта кеткім келеді. Алайда Медиа нарығы бойынша газетті жарнама ұстап тұруы керек. Біздің нарықта осы проблемалар дұрыстап қарастырылуы керек деп ойлаймын. Газет 15-20 теңге тұрса, әр жұма күні 5-6 газетті қолтықтап кететін оқырман әркез табылатыны сөзсіз.

Сөз соңында айтарым, осы Арман Шураевтың  тәжірибесімен бөліскен мақалсы ұнады. Журналист болғысы келетіндерге, жалпы қарапайым адамдарға өте керекті дүние екен. Маған өте ұнады. Кітапты сыйлаған адамдарға рахмет!

Сурет мына жерден алынды.