Түркия елінің рухани мәдениеті

Түркия елінің рухани мәдениеті
жеке
блог

Мәдениет - адам қолымен жасалатын және күнделікті өмірде қолданылатын құбылыс. Мәдениет сөзінің астарында жай ғана амандасудан ,адамның өзін - өзі ұстауынан бастап , мемлекеттің өркендеуіне дейінгі мағына жатыр.
Әр елдің мәдениеті әртүрлі және өзіне тән мәдениеті болады. Сондықтан әр елдің мәдениеттерінің бір - біріне ұқсау ықтималдығы аз. Әрине, мүлдем ұқсамауы мүмкін емес , кем дегенде бір ұқсастық болады , деседе мәдениеттің кей бөліктерінде ұқсастықтар болуы мүмкін. Мәселен, бір дінді ұстанушыларда немесе бір - біріне жақын елдерде ерекше мәдениет үлгісін байқай аламыз.
Түрік халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері өмір сүріп келе жатқан түркі тайпаларының негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы.
Түркия- әлемдегі жеті кереметтің бірі. Сан ғасырлық тарихы , позитивке, жағымды энергияға толы халқы мен әсем табиғаты бар , қараса көз тартатын , көрікті ел. Түркия елінің халқы көмек сұрасаңыз қол ұшын созудан аянбайды. Мұсылман адамдары бір-бірін әрдайым қолдайды. Тіптен танымаса да жәрдем беруге асығып тұрады.
Түріктерде жасы үлкен кісілердің қолын сүю- сыйластықтың, сыпайылық пен үлкен құрметтің белгісі. Түркия елінің халықтары мейірімді халық болғандықтан көңілге қарап сөйлейді. Қолынан келсе көмектесуге әрқашан да дайын. Кешіріңіз деген сөзді бұл елден көп кездестіре аласыз. Себебі, адамның көңіліне қарайды. Мейілінше ауыр сөз айтпауға тырысады.
Түрік халқының сүйіп жейтін тағамы- бурек. Жасалу жолы өте оңай , әрі дәмді. Байқасаңыздар түрік халқының сериялдарында буректі байқайсыздар. Себебі, түрік халқының ең сүйікті әрі ұлттық тағамы болып саналады.