жеке
блог

Антарктидадағы концерт

2013 жылдың  8 желтоқсаны  күні  америкалық  «Metallica» (Металлика)  рок-тобы  Freeze 'Em All атты концертін Антарктидада өткізді.

Концерт Аргентинаның  ғылыми станциясы  «Карлинде» арнайы күмбез астында өтті. Жергілікті  фаунаны шошытып алмау мақсатында 120-ға жуық  көрермен музыканы құлаққап арқылы тыңдады және концерт ғаламтор желісі арқылы таратылды.

Қатаң климаттық жағдайларға қарамастан жанды дауыста бір сағат көлемінде он ән шырқады. Олар сонымен қатар бір жыл ішінде жер шарының алты материгін аралап концерт қойған алғашқы және жалғыз топ болды.

Жұлдызды блогтар