Сөздік:«rent», «hire»  немесе «lease»
жеке
блог

Сөздік:«rent», «hire» немесе «lease»

Біз кей жағдайларда өзімізге қажет заттарды жалға алып жатамыз.Атап айтар болсақ,саяхат уақытында жалға көлік аламыз ,қызмет барысында жұмыс кеңселерін жалдап жұмыс жасаймыз немесе тұрғын үй жалдап өмір сүреміз және т.б.Осы  «жалдау» не «жалға алу»  сөздерін ағылшын тілінде «rent», «hire»  немесе «lease» сөздерімен айтамыз, бірақ әрқайсысы әр түрлі жағдайда қолданылады. Өз мақаламда сіздерге ол сөздерді қалай шатаспай қолдануға болатынын түсіндіретін боламын.

Rent 

Айтылуы және аудармасы: rent [rent] / [рент] – жалдау (арендовать),жалға алу,алу(снимать). Бір жерде тұру үшін не бірдеңе қолданғанда.

Қолданылуы: «rent» сөзі үй-жайға (үй,бөлме,пәтер) орналасқанда айтылады және бұл жағдайда сіз үй егесіне жалдаған қаржыңызды төлеп тұрасыз.

Ескеретін жағдай: Американдық ағылшын тілінде «rent= long and short arrangements». Британиялық ағылшында «rent= a long-term arrangement»

Мысал: I need to rent out this apartment- мен пәтерді өткізуім қажет.

He rented an apartment above a restaurant – ол мейрамхананың жоғарысынан пәтер жалдады.

rent hire lease

Hire

Айтылуы және аудармасы: hire [ˈhaɪə] / [хаие] – жалдау (брать напрокат), жалға алу,алу (снимать).Бірнәрсені қолданғанға қаржы көзін төлеу.

Қолданылуы: «hire» cөзін машина(транспорт),арнайы киім,құралдарға қаржы төлегенде және адам жалдап жұмыс жасатқанда,жұмысқа жалданып тұрғанда да қолданамыз.

Ескеретін жағдай: Американдық ағылшын тілінде «hire = to employ somebody»(y ou can hire a person for a job or a task but if its not a person you're renting it). Британиялық ағылшында «hire= a short-term arrangement»

Мысал: Do you think they'll hire me? -мені жұмысқа алады ма,қалай ойлайсың? (to employ somebody-біреуді жалдағанда) немесе we need to hire someone new- бізге жаңадан біреуді жалдау керек.

 rent hire lease

Lease

Айтылуы және аудармасы: lease [liːs] / [лиис] – жалға алу(брать в аренду).Ірі көлемдегі нәрсені жалдаған үшін егесіне қаржы көзін төлеу.

Қолданылуы: lease сөзін үлкен көлемдегі жылжымайтын мүлік,ірі көлемдегі аумақты ұзақ уақытқа жалдағанда қолданамыз.Бұл жағдайда  заң тұрғысында мүлікті жалға беруші мен мүлікті жалға алушы арасында келісім -шарт жүзеге асады.

Мысал: Husband and wife co-signed the lease- ері мен әйелі бірге жалдау келісіміне қол қойды.

The building was leased to a health club- ғимарат фитнес клубқа жалға берілген.

I have leased this house for the last four years- мен бұл үйді соңғы төрт жыл жалға алдым.

rent hire lease

Ал енді өзімізді тексеріп көрейік! Сөйлемдерді ағылшын тіліне аударып, «rent» , «hire» және «lease» сөздерімен толықтырыңыз. Өз жауабыңызды  мақала астына  комментарийге қалдырыңыз.

1.Біз күні бойы  велосипед  жалдап қыдырдық.

2. Мен үйді сатып алу үшін заңгер жалдауым қажет пе?

3. Ол осы үйден пәтер жалдағысы келеді.

4. Олар кеңсені көп жылдан бері жалға алған.

5. Біз осы үйді демалыста жалға алғымыз келеді. 

6. Ол шаңғы және оның жабдықтарын(экипировка) жалға алды.