Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сенімен мақтанамын, аға!

Сенімен мақтанамын, аға!

Сенімен мақтанамын, аға!

  Бір сәт жылдарды артқа шегеріп, осы жылдармен көмулі қалған тарихымызды қазбалайық.Біздің қолымызда уақытты кері шегеретін машина бар деп елестетейік. Ол өткен жылдарға сапар шегуге мүмкіндік береді. Осы сиқырлы машинаның көмегімен түрлі тарихи кезеңдерге аттанайық. Сиқырлы машина шамамен бізді ХV ғасырға апарды делік. Қазір, міне, шұрайлы өлке Жетісудамыз. Халық қаптап тұр. Нағыз қазақтың аға-апалары  өздеріне тән мәдениетімен, сипатымен, келбетімен көздің жауын алады. Халық ду етіп «Керей хан жасасын» деп жарыса айтып жатыр. « Біз, бүгіннен бастап қазақ халқы, өз хандығымызды құрып, аласапыран болған заманда ел деген ұлы есімімізді алдық. Қазақ елі жасасын!» деген Жәнібектің айбарлы да, жігерлі дауысы бүкіл қазақ даласына жаңғырық болып естіліп, әлі де жаңғырып тұрғандай. Енді осы кезеңнен қазіргі кезеңге қарай ақырын жылжыйық. Көз алдымызға өзге ұлтқа бағынбай, ұлтым деп ұрандап, азаттық іздеп күрескен Махамбет, Исатай, Сырым, Кенесары батырларымыздың жұдырықтай ғана жүректеріндегі «халқым үшін» деп соққан дүрсіл қазақтың рухымен қатар өзін де жауға қарсы көтерген бейнесін әкелейік . Одан әрі « Ұлы Отанымды қорғау жолында жаным құрбан» деп батырлықты да , батылдықты да  байырғы қазақтан жалғасын тапқан мейрімді жүрегіне орналастырып, сол жүректі темірге айналдырып, алдына келген жауға айдаһардай жалынын  шашқан майдангер, ардагер ағаларымыздың сұсты, өжет, өткір көзқарастарына үңілейік. Уақытты тағы жылжытып әділ ел басқарған, нағыз қазақ көсемі, өзгеге қор болған қазақтың бағына туып, халқының күйін күйттеп, жоғын еткен нағыз ел басы Дінмұхаммед Қонаевтың билігі тұсына келейік. «Қазақ тілі – ана тіліміз» деп орыс өкіметіне бағынбай «жаным халқымның садақасы» деп күн кешкен Қонаев басшымыздың саясатына куә болайық. Ал енді осындай әділ басшысынан айырылған қазақ жастарының желтоқсан желі айдап келген алаңына барайық.Сол кездегі желтоқсанның  жүректі мұздатқан ызғарлы желін сезініп, арман қалаға білім іздеп келген 16 жасар жастардың қайғы арқалап, өмірден кеткенін еске алып, сол қаза болған жастарды мазақ қылып, азаптап өлтіріп, өліктерден алып мұнартау тұрғызған мейрімсіз, пенде кейпіне енген хайуандардың жүзіне тік қарап, кімнің кім екеніне көзімізді жеткізейік.Нәп-нәзік бала жүректеріне мәңгілікке өшпес зұлматтың таңбасын салған қаныпезер орыс саясатының ащы шындығынан дәм татайық. Міне, өзгеге құл болмаудың амалын іздеп халқының бақыты жолында шырылдап жүріп, байқаусызда жексұрын саясатың жалындаған отына түсіп, күйіп кеткен батыр аға-апаларымыз, айта берсең, көбейе береді. Ең өкініштісі - солардың болашақ жастар бақыты үшін деп, халқым жойылмасын деп атқарған қызметі еш болып, қайран қазақтың осы батырлар жалғаған көшінен бөлініп, жан-жаққа шашылып, өзіне тән ерекшеліктерінен айырылып отырғаны... Бір сәт азапты жолда жүріп, азаттық аңсаған батыр аға апаларымызды еске алып, рухтарына тағзым етейікші... Құрметті өжет, қайсар ағаларым, мен сіздердің есімдеріңізді мақтана айтып, ерлік істеріңізді мақтана жаза аламын. Сіздер аңсаған ашық аспан, бірлік берекеге қол жеткіздік. Көкжиектен азаттықтың ақ таңы аты. Бұның бәрі , әрине, сіздердің арқаларыңыз. Қазақта бұрын болса да, сіздердей азаматтардың барына риясыз  бала жүрегіммен қуанам. Сіздердей азаматтар әлі талай дүниеге келіп, қоғамдағы келеңсіздіктерді жоятынына мен сенемін...

1
Рейтинг: +1

Автор: KHALISA
Жазылған уақыты: 04 шілде 2018, 18:04
Тегтер: Батырлар, саяхат

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.