Әлем мерекелері #1

Әлем мерекелері #1
жеке
блог

Қытайдың Жаңа жылы.

Қайда? Қытай және бүкіл әлем бойынша қытайлық қоғамдастықтар.

Қашан? Жаңа жылдың бірінші күні жаңа ай туған қаңтар-ақпан айларына сәйкес келіп, 15 күннен кейін толған айда аяқталады.

Не болады? Әр үй терезелеріне қытай шамдарын іліп, көшелерде жұрт айдаһар биін билейді. Үй ішінде мерекелік дастархан жайылып, ата-бабалардың рухына құрмет көрсетіледі. Адамдар бақыттың нышаны ретінде қызыл киім киеді.

Не тойланады? Жаңа бастамалар мен жаңа егіс егу науқаны.

Қытайдың Жаңа жылы

 Тағы да айтшы ...

Қытай күнтізбесі. Қытай күнтізбесінде әр жыл Қытай зодиак белгісіндегі 12 жануардың біріне жатады, олар: тышқан, өгіз, жолбарыс, қоян, айдаһар, жылан, жылқы, ешкі, мешін, қораз, ит және доңыз жылдары.

Қытай күнтізбесі

Дивали.

Қайда? Үндістан, сондай-ақ индуистер бүкіл әлем бойынша мерекелейді.

Қашан? Ашвин және Картик айларында (қазан-қараша).

Не болады? Дивали-от мейрамы. Адамдар кішкентай шамдар (дия) жағып, оларды үйлерінің және бау-бақшаларының барлық жерлеріне қояды. Адамдар бір-бірлеріне тәттілер сыйлап, отшашулар ұйымдастырады.

Не мерекеленеді? Раманың  қуғаннан кейін қайту және оған тәж кигізу рәсімі. Аңыз бойынша, адамдар Раманың қараңғыдағы жолын жарықтандыру үшін шамдар жаққан. Жарықтар, сондай-ақ адам жанының  "ішкі сәулесін" белгімен көрсетеді.

Ұлы пост. Ұлы пост-христиандардың 40 күн, 40 түнге созылатын және және соңы Пасхамен аяқталатын мейрамы. Дәстүр бойынша бұл-40 күн жалғыздықта болған Иса пайғамбарды еске алу үшін пост (ораза) ұстау және мінажат ету уақыты.

Пайдаланылған әдебиет: "Балалардың жаңа энциклопедиясы" ("Алматыкітап" баспасы)

Дайындаған: Атаханов Бөріхан