Кореяда істеуге болмайды...

Кореяда істеуге болмайды...
жеке
блог

Егер сапарлатып, Корей еліне жолыңыз түсіп жатса ескеретін ережелер бар. Корей жерінде істеуге тыйым салынған дүниелер біздің қоғамда күнде көріп жүрген құбылыс. Үйреншікті жағдай деп айтуға да болады. 

Сонымен:

1. Қоғамдық көліктерде метро, автобустарда мүгедектерге, аяғы ауыр әйелдерге, баламен мінген жолаушыларға және қарапайым жолаушыларға арналған орындар бар. Бұл орындарды бір-бірінен түстері арқылы ажырата аласыз.  Яғни сіз қарапайым жолаушыларға арналған орынға емес осы аталған орындықтардың біреуіне барып жайғассаңыз ол сондай дөрекі боп көрінеді екен. Егер сіз Сеульде жүріп осындай білместік жасап қойсаңыз ештеңе етпеуі мүмкін, бірақ оңтүстік жақта бұған қаталдау қарайды. Тіпті, сол үшін жақсылап сөз етіп алуыңыз да ғажап емес.

2. Қоғамдық көліктерде дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Әсіресе қалааралық қоғамдық көліктерде, поездарда қатты сөйлемеуге тырысыңыз. Өйткені көп жағдайда жолаушылар ұйықтап жатуы мүмкін. Есесіне орта жастан асқан ересектерге қоғамдық көліктерде дауыстап сөйлеуіне болады. Сіз оларға ешқандай ескерту жасай алмайсыз. Жастар жағына тыйым салынған. Бұл олардың үлкендерге деген құрметін екен. 

3. Егер сіз сондай бір жақсы дүние көріп қалып, оны жаныңыздағы досыңызға көрсеткіңіз келіп қол бұлқап шақырсаңыз (шақыру барысында сақ болыңыз) онда сіз саусақтарыңызды төмен қаратып шақырасыз. (Ал біз жақта керісінше). Егер сауақтарыңызды жоғары қаратып шақырсаңыз онда оны кәрістер түсінбеуі және өте дөрекі көрінуі мүмкін. Себебі олар итті осылай шақырады.

4. Қасықты не бомаса таяқташаны кеседегі асқа тігінен қадап салуға болмайды. Себебі кәрістерде адам о дүниелік болғанда не болмаса бақилық болғандарды еске алу кезінде солай етеді.

5. Әйелдер қауымы декольтені көрсетіп киінуге болмайды. 

6. Кәрістер бөтелкенден су ішкенде, тіпті әлде бір досымен тілдесіп отырып шарап кішкен күннің өзінде олар не стақанды, не бөтелкені ауыздарына салмайды. Мұны олар аса жақтыра қоймайды. Бөтелкені еріндеріне де тигізбейді екен.

Жоғарыда біз көрсеткен ережелер Оңтүстік Корея жақта қатты сақталған және қаталдау. Керек десеңіз оларда сұқ таусағыңызды шұлғып жолды да сілтей алмайсыз. Жол сұрап не жөн сілтегіңіз келсе екі қолыңызбен бірдей жұмыс жасауға тырысыңыз. Саусағыңызды шошайтып алде бір затты көрсетуден сақтаныңыз. Әсіресе жаныңызда орта жастағы кәріс халқының өкілі жүргенде.