Жүрегімді жаулаған мекен

Жүрегімді жаулаған мекен
жеке
блог

Тайланд – әрдайым жүзінде күлкі үйірілген халқы бар, түрлі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай, еш уақытта киіміңізге қарап сын айтпайтын, затыңызды қалдырып кетсеңіз де ұрламайтын, қолынан келген көмегін аямайтын мемлекет. Ия, рас айтамын. Мемлекет халқы өте қонақжай, момын. Табиғатының байлығы өз алдына мәдени ескерткіштері ерекше тамсандырады.

Жақын күндердің бірінде Тайландтың Пхукет аралына жолымыз түсіп, блогерлер, споттерлер, журналистер сол аймақтың тұрмыс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Қандай әсер алғанымызды суреттер арқылы жеткізейін. 

Пхукет аралының әуежайынан шыққан соң өзіңізді тұншығып бара жатқандай сезінесіз. Құдды моншаның ішінде тұрғандай. Күн ыстық, ауа өте ылғалды. Экваторге жақын орналасқан елдердің мини белдемше мен қысқа балақ шалбарға не себепті құмар екенін енді ғана түсіндім. Ал мына тақуалардың оранып алғанына қайранмын.

Ал мынау әрбір тайландық тұрғынға тиесілі үй. Өте қарапайым жасалған. Есік, терезе сынды ұғымдар жоқ.

Тайландтың біз барған Пхукет аралында қоғамдық көліктер жоқ. Ал мынандай отбасылық мотоциклдерді көптеп кездестіруге болады. Бір рет қана отырып көрдім. Жолда түсіп қалып жүрмейін деп қатты алаңдадым) Балапанның шашын қарасаңыздаршы... 

Ват Чалонг ғибадатханасының 4 қабаты. Дәл осы жерде Будданың күлі сақталған екен. Ал мынау қайырымдылық қорына жиналатын ақша. 

Мынау тайландық қалыңдық. Алғашқы күні ойымызда еш нәрсе жоқ қыз қауымы бетімізге түрлі бояу жағып шыққанбыз. Езіліп мазамыз кетіп, артынша 10 күн бойы бояудың не екенін ұмыттық. 

Пхукет аралындағы жағажайлардың бірі.

Біз жеп жүрген KFC "жәй" екен ғой. Небары 20 батқа нағыз тіл үйіретін тауық етін жеп көруге болады. 

Біз секілді туристер.

Ал мынау Ұлы Будда ғибадатханасында ілініп тұрған қоңыраулар. Олардың әрқайсысында есімдер жазылған. 

Осыған дейін "Монах, который продал свой феррари" кітабын сүйсініп оқып, шын мәнінде тақулар қандай болады екен деп көп ойланған едім. Сөйтсем...

Ұлы Будда ескерткіші. 

Аралда қонақта болып, қайтып келе жатқан сәтіміз.

Анау шыңға біз де шығып, тілек тіледік. 

Коптердің көмегімен түрлі суретке түстік.

Жыландар шоуына бардық. 

Жыландардан қатты қорқатыным бар еді. Жаныма келгенде жүрегім сыртқа шығып кететін шығар деп ойладым.

Сұлу жігіт. 

Көбелектер бағында. Александр Цой үнемі жақсы әуендерімен тамсандырып жүрді. 

Жанды әуенді де тыңдадық.

Өзі сұлу тайландық қыз.

Меніңше, кәріс қызы. Өте ақкөңіл екен.

Сан-Марино қонақ үйіндеміз. 

Тағам дайындауды да үйрендік.

Шіркін, әрбір қазақстандықта жоқ дегенде осындай қайығы болса екен деп армандап кеттім.

Қысқасы бұл арал менің жүрегімді жаулады. Біздерді барынша қуантқан "Pegas Touristik" компаниясына көп рақмет! Жолда да, барғанымызда да ешбір қиындық болмады. Мұнымен қатар Пхукет аралына саяхаттауға қатысты кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге әзірміз.