Махаббат құрбаны - Гэтсби

Махаббат құрбаны - Гэтсби
жеке
блог

Әйгілі жазушы Фрэнсис Скот Фицджеральдтің «The Great Gatsby» (Великий Гэтсби) романы англия классикасының алтын туындылар қатарына жатады. Өз басым, жазушымен 2013 жылы шыққан «The Great Gatsby» фильмінен кейін таныса бастадым. Басты рольді атақты американдық актер Леонардо Ди Каприо ойнауы да фильмнің көпшілікке танымал болуына әсер етті деп ойлаймын. Сол кездері фильмнің басты әуені Lana Del Rey сомдаған «Young and beautiful» барлық әлеуметтік желілерді қаптап кетті.  Оған қоса, фильм ең үздік декорация және костюм категориясында «Оскар» премиясына ие болды.

Әлі күнге дейін тек қысқа-қысқа үзінділер болмаса, фильмді толық қарамағам, себебі, бірінші кітабын оқып көру жоспарда болған. Оқу осы жылы бұйырды. Оған дейін автордың «По эту сторону рая» шығармасымен танысып үлгердім. Ал бұл кітапта - Эмори Блейн деген жас баланың өмірі баяндалады. Автор сөзінен-кітап жазу барысында өзінің басынан өткерген махаббатын және Пристон университетінде оқыған кездегі естеліктерін пайдаланған. Маған кітап қатты ұнай қоймады. Қазір ойланып отырсам, басты кейіпкерлер салыстырсақ, «Ұлы Гэтсби» кітабымен араларында бірнеше ұқсастықтар табуға болады. Екеуді де баянсыз махаббатты бастан өткерген жас жігіттер оқиғасы. Соғыста болып қайтқан, кедейшілікті көрген секілді детальдар сәйкес келеді. Бірақ «Ұлы Гэтсби» кітабы «По эту сторону рая»-ға қарағанда жеңілірек оқылатын секілды, автордың жазу мәнері шыңдалғаны байқалатындай. «По эту сторону рая» автордың алғаш жазылған шығармасы болып табылады, ал кейініректе «Ұлы Гэтсби».

«Ұлы Гэтсби» кітабын бітіргенде, басыма бірінші келгені - кітаптың атауына «Махаббат құрбаны - Гэтсби» дұрыс болар деген ой еді. Википедиядан кітапқа қатысты деректерді қарап отырып, автордың ұлы сөзі арқылы кейіпкерді кекеткісі келгені туралы пікірлер бары сұрағыма нүктесін қойды.

Скотт Фицджералдтың  көзі тірісінде роман онша танымалдыққа ие болмады. Бірінші басылымы (24 000 дана) бестселлер атанбады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кітап қайттан басылып (150 000 дана), американдық әскерлер фронтына жіберілді. Сол кезден жердің түкпір-түкпірінен қызуғушылық танытылып, кейін әлем бойынша 25 млн. данасы таралған.

Соңын кітаптан ұнаған үзіндімен аяқтасам:

Пусть оно ускользнуло сегодня, не беда – завтра мы побежим ещё быстрее, ещё дальше станем протягивать руки...

 

(сурет авторы-мен)