жеке
блог

Су астындағы "80000 километр сапар"

Әйгілі француз жазушысы Жюль Верннің ерекше саяхаттарын баяндайтын шығармалар, жасөспірімдермен қоса, ересектерді де қызықтырмай қоймайды. Әсіресе, «Пятнадцатилетний капитан», «Таинственный остров», «Дети капитана Гранта» және т.б. көбіне таныс деп ойлаймын.

Бұрын теледидардан Джеки Чан (қытай актері) ойнаған «Вокруг света за восемьдесят дней» фильмін көргем. (Әр түрлі жылдарда түсірілген бірнеше нұсқасы бар, менің қарағаным осы). Міне, англичандық  Филеас Фогг пен оның қызметшісі Жан Паспарттың бәстесу салдарынан болған «Әлемді 80 күннің ішінде» саяхаттап шығу туралы романның авторы осы кісі болып табылады.

Тағы да теледидардан көзім шалған  «Путешествие к центру Земли» атты фильм. Бұл да Жюль Верннің романы бойынша түсірілген. Аты айтып тұрғандай, профессор Отто Лиденброктың  кездейсоқ қолына түскен ескі қолжазбадан "Жердің орталығына жету" мүмкіндігі бар екендігін біліп, алынған ақпараттың растығына көз жеткізу үшін саяхатқа шығуы туралы. Кинокартинкада зәулім саңырауқұлақ және ерекше өсімдіктер болғанын көргем. Кітабын оқыса, одан да әсерлі болатыны сөзсіз.

Келесі мектеп кезінде сыныптасым (Олжас) «Двадцать тысяч лье* под водой» ғылыми-фантастикалық романын оқуға кеңес берген. Оқығаныма өкінбеймін, таңғажайып оқиға. Қысқаша сюжетін айтсам, сол уақыттың (кітап ішіндегі) бүкіл газет және ғалымдарды шулатқан алып нарвалдың (балық) бар екендігіне көз жеткізу үшін  профессор Аронакс және оның қызметшісі Консель кемемен мұхит бетіне экспедицияға шығады. Саяхат барысында апатқа ұшырап, капитан Немоның басшылығындағы "Наутилус" сүңгуір қайығының кездейсоқ жолаушыларына айналады. Бұл сүңгуір қайықтың өзіндік сыры бар. Оқиға профессор Аронакс атынан баяндалады. «Двадцать тысяч лье под водой» жалғасы «Таинственный остров» кітабы болып табылады. 

Жаңа интернеттен қарап отырып, «Двадцать тысяч лье под водой» кітабының қазақшаға аудармасы тауып алдым, қажет болса, келесі сілтемеге өту арқылы оқи аласыздар:

https://kitap.kz/book/su-astyndahy-80000-kilometr-sapar 

Сіздер бұл автор еңбектерімен таныссыздар ма? Таныс болсаңыздар, пікір бөліссеңіз! Рахмет)

* Романның атауы сүңгу тереңдігінен гөрі теңіз бетінен өткен қашықтықты білдіреді, өйткені 20 000 лье 80 мың шақырыммен тең, Бұл жердің 6 диаметрімен пара-пар. Кітапта айтылған ең үлкен тереңдік - 4 лье (яғни 16 км: әлемдегі ең терең жер-Мариана шұңғымасынан бір жарым есе асады). (мәлімет википедиядан)

Сурет өзім түсірген

Жұлдызды блогтар