Халед Хуссейни

Халед Хуссейни
жеке
блог

Халед Хоссейни ауған-американ жазушысы және дәрігер. Оның «The kite runner», «A Thousand Splendid Suns», «And the Mountains Echoed»* атты үш кітабы бар. Хоссейни осы үш туындысы арқылы бүкіл әлемге танылып, шығармашылығы барлық елде жоғары бағаға ие болды. Хоссейни Ауғанстанда дүниеге келіп, ол жақта өмірінің аз бөлігін өткізгенімен, ол өзінің шығармашылығында Ауған елінің тұрмыс-тіршілігін, халқының өмірін оқырманға дәл жеткізе алды деген ойдамын. Көбінде «Ауғанстан» елін соғыспен байланыстырғанымен, Автор- Ауған жерінің де соғысқа дейін басқа елдер секілді өзіндік мәдениеті бар халық болғанын өзінің шығармашылығында көрсеткісі келді деп ойлаймын . Соғысқа дейін бұл елдің халқы қандай болды, соғыстан кейін өмірлері қалай  өзгерді, қандай зардап шекті деген сұрақтарға автор ашық және шынайы жаза алғандай болды.

Ең алғашқы оқығаным "Бегущий за ветром" кітабы. Бұл кітап кішкентайынан бірге өскен Амир және Хасан деген балалар жайлы. Хасан-жай үй қызметші, ал Амир оның басшысы болғанына қарамастан бір-бірімен айырылмас дос болатын. Хасан Амирге адал болғанымен, Амир өзінің қорқақтығынан  Хасанды өзінің досы ретінде мойындай алмайтын. Бір күні жылда болатын батпырауық ұшыру сайысынан кейін, арада орын қалдырған оқиға, екеуінің өмірін күрт өзгертеді.

Екінші кітап "Тысяча сияющих солнц" Мәриям және Ләйла деген қыз балалар туралы. Екеуінің өмірі екі түрлі басталғанымен, оқиға барысымен бір арнаға тоғысады. Бұл жерде соғыс кезінде әйел адамдарының құқықтарының қалай тапталғанын айқын көрсетеді. Бірақ қиындықтар соңында, жарқырап күн шығатынына сенім ұялатады. 

"И эхо летит по горам" кітабын алдыңғы екеуіне қарағанда оннан сегізге бағалағам. Бұл менің жеке көз қарасым, сіздерге басқасына қарағанда қатты ұнауы да мүмкін. Бұл жерде: ағалы-қарындас Пари мен Абдулла туралы. Кішкентайынан бір-бірінен айырылысқан жақындардың тағдырлары туралы.

Жоғарыда айтылған үш кітап кейіпкерлерінің өмірлері өзгеше және бір-біріне ұқсамайды. Олардың түскен өмір талқысы кез келген оқырманды ықылассыз қалдырмайды деген ойдамын. Шын жүректен, бос уақытыңыз болса, оқуға кеңес беремін.

(сурет өзім түсірген, insta: @bekmuratkyzy.altynay)

*Бегущий за ветром, Тысяча сияющих солнц, И эхо летит по горам*