Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Найзағай: Найзағайдың құпиясы. Мектептегі жанжал.

Найзағай: Найзағайдың құпиясы. Мектептегі жанжал.

Найзағай: Найзағайдың құпиясы. Мектептегі жанжал.

 Түн.

 Әсем бүгін осы үйде қалған. Душтан шығып келе жатқан ол Найзағайдың біреумен сыртта тілдесіп тұрғанын байқап қалды. Не болып жатқанын білмек болып, есіктен сығалап қарап тұрды. Бұл кезде Найзағай анасымен сөйлесіп тұрған. Аспанға қарап:

 - Мама, мен сені сағындым, - деді. Жоқ, ол өзімен-өзі монолог құрып тұрған жоқ, расында, ол анасын көре алатын. Баяғы ақ көйлектегі әдемі әйел қызына қарап, күлімсіреп өз ақылын айтып жатты.

 - Найзағай, бұзық болма, жарай ма? Әкеңді ренжітпе. Өзгелер сені ренжітсе, жылама... ешқашан. Жылау - адамның ең әлсіз тұсы.

 - Неге олай?

 - Жылайтын болсаң, өз-өзіңе ие бола алмай қаласың. Өмірге деген құлшынысың азаяды. Қарашы, мен аз ғана өмір сүрдім ғой. Маған бұйырмаған уақыт саған тиесілі.

 - Әкем мені тастап кетпей ме?

 Найзағайға ғана көрінетін әйелді көрмеген Әсем:

 - Астапыралла! - деді. Дауысы қаттырақ шығып кетті. Найзағай есікке жалт қарады. Әсем тез кетіп қалмақ болып, жолындағыларды соғып кетті. Сартылдаған дыбысты естіген Найзағай:

 - Мама, сау бол! Мен үйге кірейін, - деді.

 - Сау бол! Жақсы қыз бол! - деді де, көктен қараған Жарқынайдың бейнесі жоқ болды.

 Таң атты. Мектеп. Мектеп формасын киген Найзағай Әсеммен бірге сыныпқа қарай келе жатыр.

 - Найзағай, сабағың сағат нешеде аяқталады? - деді Әсем.

 - Сағат он екі жарымда бітеді. Үйге ертерек келейін бе? 

 - Жоға, асықпай-ақ қой. Тіпті, келмей-ақ қойсаң да болады, - деді Әсем оған бетін тыжырайтып. Сөйтті де бұрылып кетіп қалды. Найзағай сыныпқа жетер кезде қоңырау соғылды.

 Ескі жатын бөлмедегі ескі шкафты жөндеп жатқан Әділханның қасына Әсем келді.

 - Қымбаттым! - деді Әсем.

 - Сәлем!

 - Не істеп жатырсың?

 - Көріп тұрғаныңдай, мына шкафты жөндеп жатырмын.

 - Хмм... - деп Әсем қабырғаға қарады. Қабырғаға ілінулі тұрған үлкен портретті көріп, бір орында қатып қалды. Суретте Әділхан мен Жарқынай тұрған еді. - Жұбайың әдемі болған екен.

- Иә, ол сондай сұлу еді, - деп Әділхан ауыр күрсінді.

 - Әділхан, қарашы маған, - деп Әсем оның иығына қолын салды, - біз қашан үйленеміз? Неге сен асықпайсың?

 - Әсем, Найзағаймен жақсылап таныс. Асығыс шешім қабылдамайық, - деп ол өз жұмысын жалғастырды.

 Мектеп.

 - Найзағай, он үшке сегізді қоссаң неше болады? - деді мұғалім. Найзағай орнынан тұрды да, терезеден аспанға қарап:

 - Мама, он үшке сегізді қосса неше болады? - деді.

 - Немене, сен мені мазақ қылып тұрсың ба? - деді мұғалім суық қарап. 

 - Мен анаммен сөйлесіп тұрмын.

  Балалар оған ду күлді. Найзағай ашуланып кетіп, анадай жерде отырған қаттырақ күлген балаға қолын сермеп, оны токпен күйдірмек болды. Бірақ сол кезде:

 - Найзағай, тоқтат. Олай жасауға болмайды.

 - Жарайды, мама, - деп ол қолын төмен түсірді.

 Балалардың бәрі оны мазақтай жөнелді. 

 - Найзағай қияли... Найзағай ақымақ...

 Найзағай қайта ашуланып, қолынан жарқылын шығарды. Балалар күйіп қалды да, сынып іші түтінге толды.

 Мұғалім:

 - Найзағай, сыныптан шық, - деді қатаң үнмен. Ол орнынан тапжылмай отыра берді. - Найзағай, саған айтып тұрмын, сыныптан шық. - Ақыры ол сүйретіле басып, есікке кетіп бара жатыр еді, бір қыз: 

 - Жолың болсын! - деді. Найзағай оған сұқ саусағын шошайтып, найзағай ұшқынын атты. Қыз аздап есінен танып қалды...

435 1
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 16 маусым, 12:00
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...