Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Найзағай: Арудың дүниеге келу тарихы

Найзағай: Арудың дүниеге келу тарихы

Найзағай: Арудың дүниеге келу тарихы

 Дауылды түн, нөсер жауын. Аспанның күркіреуіне қарасаң, құдды бір құдай ұрғандай. Найзағай да жарқылдайды.

 Әне, түн ішінде қайдан келе жатқаны белгісіз,әйтеуір, аппақ көйлек киген аяғы ауыр келіншек көшені бойлап жүріп келеді. Үсті малмандай су болған ол үйіне қарай асығады.

 Қақпаны ашып, енді аулаға беттей бергенде,найзағай келіншектің үй алдына жетуін күткендей, жарқ ете қалды. Найзағай соққан ійел сұлқ түсті.

 Аурухана. Дәрігерлер келіншекті жан сақтау бөлмесіне қарай апара жатыр.

 - Жарқынай, көзіңді ашшы,естіп тұрсың ба мені? - дейді күйеуі Әділхан. Дәрігерлер әйелді бөлімге қарай алып кетті.

 Арада бірнеше сағат өткен соң дәрігер бөлімнен шығып еді, оны көрген Әділхан орнынан атып тұрды.

 - Дәрігер, оның жағдайы қалай? - деді Әділхан.

 - Бір белгісіз алапат күштің әсерімен баланы аман алып қала алдық, алайда жұбайыңыз... көз жұмды. Қайырлы болсын! - деп дәрігер кетіп қалды.

 Әділханның мазасы кетіп, тіпті көзіне жас алды. Сол сәтте Жарқынайдың айтқан сөзі есіне түсті: "Ешқашан сағыңыз сынбасын. Бәрі жақсыболады. Сіз құласаңыз, отбасымыз не болмақ?"

 Арада жеті жыл өтті. 

 - Найзам, қайдасың? - деп Әділхан жанына бір қызды ертіп үйге келе жатты. 

 - Ол мені қабылдар ма екен? - дейді жанындағы қыз. Ол Әсем еді.

 - Сендер тез-ақ тіл табысып кетесіңдер.

 - Солай болғай, қымбаттым! 

 Олар үйге кірді. Әсем үйді бір шолып шықты. Әр жерде шашылып жатқан ойыншықтар оған ұнамағаны артық. 

 - Әке? - дейді өз бөлмесінен шыққан кішкене қыз, - Сен келдің бе? - деді әкесін көрмегендіктен. 

 - Иә, қызым. Мен қазір киімімді ауыстырып келейін, - деп әкесі алыстан дауыстады. 

 Үйге келген бейтаныс жанды көрген қыз сол орнында тапжылмай тұра берді. Әсем оған:

 - Әй, не қарап тұрсың? Қане, ойыншықтарыңды жина! - деді.

 - Мен олармен қазір ойнаймын, - деді кішкене қыз. 

 - Ойнамайсың, жина, - деп Әсем оның жанына барып оны жұлқылай жөнелді.

 - Жіберіңіз мені.

 - Ал жібермесем ше, не істейсің? Әкеңе айтасың ба? 

 - Сіз кімсіз? Жіберіңіз мені, - деп қыз тартына түсті. Әсем оның қолын қыса бастап еді, Найзағай да оның білегінен қысып өстап алды. Сол сәтте әлдене жарқ етті де, Әсемнің жан дауысы шығып кетті. Найзағай бөлмесіне қарай жүгіріп кетті. 

 Жоғарғы қабаттан төменге қарай Әділхан асығып түсіп келе жатты:

 - Әсем, не болды? - деді ол табалдырықта құлап жатқан Әсемге.

- Ток... - ентігіп, - ток ұрды мені, - деді Әсем.

- Қандай ток? Найзағай ма? 

 - Иә, сол қыз...

 Әділхан күлді. Расында, Найзағайдың бойында бір күш бар еді. Ол ашуланса өзінен ток немесе найзағай шығаратын, кейде құшырланып тұрса да ол қызып кететін.

 Найзағайдың бөлмесіне әкесі кіріп келді.

 - Жарығым?

 - Әке, - деп Найзағай әкесіне қарай жүгірді де, әлі өзінің қызуы басылмағанын есіне түсіріп, кілт тоқтады. 

 - Жағдайың қалай?

 - Жаман емес, - деді Найзағай жымиып.

 - Саған Әсем ұнамай қалды ма? Оған неге тиістің?

 - Бәріне өзі кінәлі, бастаған - өзі, - деді Найзағай бұртиып

742 6
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 15 маусым, 23:29
Пікірлер
+0
16 маусым, 09:47

Жалғасы бар ма? Аяқсыз қалған тәрізді. Ерекше сюжет екен.

+0
16 маусым, 10:49

Жалғасы бар. Бірнеше сериядан тұрады.

+0
16 маусым, 11:03

Асыға күтеміз...

+0
16 маусым, 11:12

Қызық екен..)

+0
16 маусым, 11:45

Жақсы дүние! Тек Әсем мен қыздың текетіресі тым тез басталып кеткен сияқты. Жалғасы қызық болады деген ойдамын. :)

+0
16 маусым, 14:52

Сериалдарым есіме түсіп кетті ғой. Қызық жазба, жалғасын күтеміз..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...