Дос болсаң берік бол...

Дос болсаң берік бол...
жеке
блог
Достық.Сенім.Адалдық.
Достық-адамдар арасындағы жәй ғана әуестік емес,достық-бір-біріңе деген сүйіспеншілік,сенімділік,қамқорлық.Неге дейсіз ғой?Себебі,бар сыр сандығыңды досыңа жария етесің,алайда шын дос - ақылыңа ақыл қосып,ұдайы қасыңнан табылатын жан.Өміріңнің түрлі-түске боялуына себепкер болатын да,қайғы-қасіретіңмен бөлісетін де-нағыз дос.Ал,қазіргі заманның өзекті мәселесі - нағыз достық бар ма?Бар болған күннің өзінде,адамдар оны сақтай білуде ме?Бұл -беймәлім.Тапқандар да,таппағандар да бар...
Күз мезгілі.Жел.Ызғар.
Аяжан мен Динара айрылмас достар.Бірақ Аяжан Динарадан екі жас үлкен болатын.Соған қарамастан,екеуі әпкелі-сіңлідей бір-бірін қолпаштап,қуанышын да,қайғысын да бірге бөлісетін.Алайда,Динараны соңғы күндері бір ойлар жегідей жей беретін.Аяжанды мазалағысы келмей,айтуға қымсынатын.Әдеттегідей екі дос сабақтан кейін келе жатып,Аяжан Динараның кенеттен көңілі түсіп кеткенін байқап,Аяжан уайымдай бастады.
-Динара, саған не болды?Неліктен ұнжырғаң түсіп кетті?
Динараның көзінен моншақтап жас төгілді.
-Аяжан,басқалай түсініп қалма әрине,бірақ сенен сұрауға ұялдым.Менің сыныптастарым мені келемеждеп,үнемі мазақ етеді.Тіпті бір күні: "Сенің жағдайың нашар,сен қолыңнан түк келмейтін жансың,бізді өзіңнің теңім деп санама",-деп сыныптасым жекіріп сала берді.Мүмкін оның мұнысы дұрыс шығар...Бірақ,менің олардан бір жерім кем бе?Неге мен сыныптастарым секілді емеспін?Менің жағдайымның нашар болғанына кінәлімін бе? -деп, кемсеңдеп Аяжанды құшақтай жөнелді.
Аяжан оның жағдайын бірден түсініп:
Ақылдым,тыныштала ғой.Өмр сен ойлағандай ертегі емес,қиындығы да қуанышы да қатар жүреді.Ал саған ғайбат сөз сөйлейтін жандар,пайдасы жоқ арам шөп секілді,тамырымен жұлып алмасаң -өсе береді.Сол себептен,айтылған сөздерді есіңнен мүлдем шығарып таста,ойыңды өзгерт.Тағы да бір ескертетінім,кедей деп,керісінше рухани өздерін байыта алмаған,кітапты азық қылмаған жандарды айтады.Енді ойла,сені "кедей" деуге болады ма?
Динара өзінің сұрақтарына жауап тапқандай,көздері бал-бұл жайнап,осындай досының барына қатты қуанды.