Кешкі әңгіме. 8-ші бет

 Кешкі әңгіме. 8-ші бет
жеке
блог

 Бөтендердің елшісі үндемей, картаға қарап тұрды. Бейне бір Ресейдің майлы бөлшегін емес... тістелген алма ұсынып тұрғандай.

  -Түсініңізші, бұл аймақтар біздің өзіміз үшін де өте маңызды. Ол жерде ондаған миллион адамдар тұрады, маңызды деген зауыттар орналасқан, ауылшаруашылық жайылымдар...

   Граг таңдайын тақылдатты. Басын шайқады---адамдардың ишарасын салып тұрғаны анық.
  -Жоқ.
  -Біз сондай ақ   Қырым мен Кавказды есептемегенде Украина өркениетін  сіздердің толықтай жаулап алуларыңызға қарсылық көрсетпейміз,-соңғы құрбандыққа бара жатқан адамның кейпімен, айтты Анатолий.
  -Жоқ.
  Анатолий грагтың суық жанарына қадала қарады. Тіпті болмай бара жатса оның грагтарға  талап етіліп отырған аймақтардың біразын ұсынуға өкілеттігі бар болатын. Тіпті Мәскеуді де. Краснояр аймағымен қоса.

 Адамзатта басқыншылармен қарсыласуға қауқар жоқ. Тек қана саудаласатын шамасы бар... оның өзінде де "Граг нәсіліне тән мейірімділік пен бөтен ақыл иелеріне деген құрметтің арқасында"
 
 -Біз өзіміздің алғашқы  ұсынысымыздан ---  адамзат өкілдерінің игі-жақсыларын жинап алып резарвацияларда ұстау туралы ойымыздан айныдық,деді Дкар. - Ақыл-ой бойынша кенже қалған  бауырларымызға құрмет көрсетіп, біз келіссөздер бастадық. Біздің соңғы талабымыз әр елдің жарты аумағын  бізге,яғни Граг планетасынан келген босқындарға беру болатын. Мүмкіншілік болғанда ең жылы ауа-райы бар аумақтарды.

  Анатолий үндемеді. Не десін? Дәл солай. Біз дайынбыз. Шынын айтқанда біз баяғы да ақ дайын болатынбыз-планетаның жартысын беруге. Біз жай ғана саудаласуға талпынып жатырмыз...
  - Біздің жұлдыздық жүйемізге қатер төндірген қара құрдымнан құтылатын кеңістікті тұрақсыздандырғышты ойлап тапқан біздің ғалымдардың арқасында-грагтың әрбір сөзі бейне бір табытқа шеге қағып жатқандай діңкілдеп естіледі,-осы келіссөздерді жүргізетін уақытқа ие болдық. Біздің нәсіліміз жас әрі қуатты- енді біз басқа жұлдыздық жүйелерге де таралу саясатын жүргіземіз. Бізге ақуызды тіршілік иелері өмір сүре алатын планеталар керек. Бұл планеталар Галактикада өте сирек кездеседі. Грагтан келген соңғы мәліметтер бойынша бізге  бүкіл Жер шарының аумағынан кем емес аумақ қажет.
  Бітті. Жететін жерімізге жеттік.