Ұлы ақынға арнау!

Ұлы ақынға арнау!
жеке
блог

 

Абай, кемеңгерім сыры бөлек

Намыс десе, жанбайды ол, ол өртенет!

Арқалап елдің мұңын мұнараға

Абай мәңгі, жыры өлмейді әлі келет.

 

Тескенде көкейімді ауыр сұрақ

Жаныма қара сөзі болар қуат.

Қазақты өлеңменен таныдым мен

Қазақ десе, санамда Абай тұрат.

 

Әр жыры жеке дастан, орны бөлек

Тұрады жүрегіме нұр себелеп

Оқысаң өлең, жырын елім деген

Құлағыма домбыраның үні келет.

 

Абай әні секілді бір алып құшақ

Шаттанады көңілім биікке ұшат.

Абай әнін естімеген құлақ жетім

Тұратындай көрінеді жаны жұтап.

 

Абай өзі биік шың, ойы қатпар

Әр сөзін көмкергендей гауһар тастар.

Өлеңдері қара тасты жарып аққан

Өзен сынды әділдікке ғана бастар.

 

Қанатыңды өр қырандай еркін сермеп,

Бірлікте білімменен бірге жүр деп

Ұрпаққа өсиет еткен өрең сөзсіз

Даналыққа жүрер ме едік мәңгі шөлдеп ?!

 

Рух біткен Абай жазған қаламға да,

Бақ біткен Абай туған далама да

Естіген кемеңгердің кербез жырын

Қазақта Абайы бар арман бар ма!

                                                                         

                                                                  Автор: Шарибекова Ақбота Шарибекқызы

 

 

Түсіндірме: Өлең жолдарындағы кейбір сөздер ұйқас түрінде жазылу барысында орфографиялық  өзгерістерге ұшыраған.