Тәуелсіздік- тәтті сый

Тәуелсіздік- тәтті сый
жеке
блог

Тәуелсіздік-қасиетім, қастерлім!

Бодан болдың құрсауында басқа елдің.

Ұмыт қалмас жастардың ерен еңбегі

Нәтижесі бұл,сол жастар төккен ақ тердің.

 


Тәуелсіздік сыйлаған жоқ бізге ешкім

Азат жолда ерлігін жастар білмес кім

Өзіңнің арқаң туып отырған азат күн

Мәңгілік елге, өзіңді мәңгі үлгі еттің.

 


Бейбіт елде биік ұста еңсеңді

Азат елді ту ететін кез келді.

Тәуелсіздік-термен келген кешегі,

Бүгін міне 30 жасты еңсерді!

 


Елдігіміз той болатын күн бүгін

Талай боздақ кетті арнап ғұмырын

Ел тұтқасын ұстар қазір жастар көп

Биік көтер тәуелсіздік тұғырын!