Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» атты мақаласына талдау

Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» атты мақаласына талдау
жеке
блог

XVII ғасырдың басында ішкі талас-тартыс салдарынан Қазақ хандығы әлсіреді.Жоңғарлар сол жағдайды пайдаланып қазақтың кең байтақ жеріне көз тікті.Өз атамекен жерімізді талан-таражға түсірмеу үшін Қазақ халқы Ресей патшалығына қосылуға мәжбүр болды.Бірақ жағдай одан сайын ушығып кетті.Себебі Ресейдің өз жері өзіне жеткенімен Қазақтардың шұрайлы жеріне қол сұқты.Қазақтар өз жерінде тұру үшін өздері салық төлеуге дейін барды.Уақыт өте келе олар тілге,дінге араласа бастады.Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады демекші халық барынша тілді,дінді аяқ асты қылдырмас үшін наразылық тудырды.Осы тұста Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі ол серке газеті еді.Газет беттерінде түрлі қазақ зиялыларының еңбектері жарық көрді.Дегенмен газеттің екі нөмірі шығып,өз жұмысын тоқтатты себебі үкіметке қарсы үгіттейтін материалдар жарық көрді және Қазақтың көркемсөз шебері Міржақып Дулатовтың «Жастарға»өлең шумақтарымен , «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы елдің көзін ашу мақсатында,орыстың озбыр саясатын айқындау барысында жарық көрген дүниелердің әсерінен Серке газеті өз кезегінде қызметін тоқтатты.Қазіргі таңда бұрыңгы кез бен салыстыратын болсақ дәл осылай шындықты ашық түрде жаза алатындар бар деп санаймын.Өйткені қазір дамыған заман және біз тәуелсіз елде тұрып жатырған еркін тұлғамыз ғаламтор желісінде,газет беттерінде өз шындығымызды жазуға әбден құқылымыз. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген ұранды ұстана отырып ел игілігіне қашанда еңбек ету елін сүйетін әр азаматтың борышы деп санаймын. Қазақтың намысшыл тұлғалары барынша орыс саясатына төтеп беруге,тіпті қаны жерге төгілсе де жаңа ұрпақ тәуелсіз бейбіт елде өмір сүргенін қалады және ол үшін күресе білді.Сондай тұлғаларымыздың ерен еңбектерінің арқасында қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадай деген – Міржақып Дулатовтың «Жастарға» деген өлең шумақтарына сүйене отырып қазақ зиялыларының жастарға үлкен үмір артқанын байқаймыз . Осындай ұлтжанды батырларымыздың арқасында бейбіт елде өмір түсірсек,ендігі кезек жастарда яғни бізде дегім келеді.Түпкі тарихымызды сақтай отырып,ел гүлденуіне үлес қосуымыз қажет.Саналы ұрпақ,сапалы білім – мәңгілік елдің жалғасы.