Көктем әуені
жеке
блог

Көктем әуені

Наурыз келіп, әсемденіп айналам,
Келбетінен көзді қалай айыра алам(ын)?!
Төбемдегі күнім маған жымиса,
Бір қолыммен аспандағы айды алам(ын).

Таза, самал, салқын көктем лебінің,
Қараңызшы, келіскенін ебінің.
Мына жақтан бұлбұлымыз ән салса,
Кейбіреулер даярлайды егінін.

Самалменен тербеледі ағашым,
Таба кетер жапырақпен жарасым.
Сылдыраған бұлағымның әуені,
Таңып берер көкейдегі жарасын.

Тауымыз бен бұлтымыз да тілдескен,
Көре алмайсыз жүрекпенен сезбестен.
Қол ұстасса бар тіршілік бұл кезде,
Әуен шығар тыңдайтындай жүрместен.

Бұл ғажапты, айтшы, қайдан табасың?
Қопарсаң да алтындардың арасын.
Таба алмайсың сондықтан да қарап қал,
Жанға жайсаң қазағымның даласын!