Жыл белгілері

     Күз белгісі мұңаюды көздейді,

Сен көңілді болсаң дағы сезбейді.

Қуаныш пен күлкілерді еншілеп

"Қайғы-мұңның арасында жүз!- дейді.

 

Қыс белгісі төндіреді қара аспан,

Алайда ол, ақ түстерден нұр шашқан.

Қанша суық ызғар төгіп тұрғанмен

Мейірім бар азғантайлық гүл ашқан.

 

Көктем белгі береді күлімдеген,

Күн шығады төгіліп жылуменен.

Десе де, ол алдамшы мезгіл дейді,

Жылу төгіп тұрып ақ ызғар келген.

 

Жаз белгісін береді жайма шуақ

Жерге жасыл түсімен жайып құрақ.

Тудыратын болмайды қиындығы

Жер әлемнен сылдырап ағып бұлақ.

 

Төрт мезгіл де әр қилы белгіменен,

Әрқайсысын барынша үлгі көрем.

Тамашасы болады мезгілдердің

Аңқытатын өзіндік лебіменен.

 

Байқасаңыз, жақсылық жамандықпен,

Дөңгеленіп келеді жаңалықпен.

Әр бөліктің өзіндік жұбы болар

Шыр айналар адалдық арамдықпен.

 

Күз береді белгісін қайғырумен

Қыс береді белгісін аңқаулықпен.

Көктем берсе белгісін алдамшы қып

Жаз сүйейді адамды арқаулықпен.

 



Бөлісу: