О, тыныштық!

  Үнсіз жатыр жүрегім әлі  тыныш,

Болса болар жарылыс та сілкініс.

Тыныштықты қалап жатыр кеудемде

Тақ - тұқтаған жұдырықтай жұлқыныс.

 

Тың көңілді  сүйеді ол фәниде

Шу боп жатсын мейлі оған әр жерде

Тек жүрегім "тыныштық"- деп дамылдап

Белгі беріп сөйлегендей әр тілде.

 

О, тыныштық білген жанға құндысың,

Қымбат болар төрде тұрған  жыл құсың?!

Бұйырмайсың қанша қолды созсаңда

Қалай сонда сенің өзің сырмысың?!

 

Ойлағанмын саған жету оңай деп

Кез  келгенде шап беремін ұстап дөп.

Алайда, бұл қабаттасқан тұмандар

Менен алшақ кетуіңе болды сеп.

 

Содан бері сәт күтемін қас-қағым,

Аласапыран, астаң-кестең жас жаным.

Ат қорадай болып тұрған өмірде

"Тыныштық!" - деп айқайлайды аспаным.



Бөлісу: