"Бақыт "

"Бақыт "
жеке
блог

Бақыт деген балалық кез балғын шақ,

Ойнап күліп, езу тартар гүл-гүл бақ. 

Бақыт деген өміріңнің бір қыры,

Біле білсең бақыт деген осы шақ.

Бақыт деген достарыңмен ойнар шақ,

Ойнамасаң бақыт қайда дер  сұрақ.

Бақыт деген ата-анаңның қасында,

Отбасыңмен отыратын бір тұрақ.

Бақыт деген мектептегі өмірің,

Адам болып бұл дүниеге келгенің,

Əділдікке адалдыққа сенгенің.

Бақыт деген жылы үйде жылы күй, 

Жыламасын ешбір сəби соны түй.

Бақыт деген сыйлап өту барлығын, 

Тіршілікте табиғаттың бəрін сүй.