Менің әкем
жеке
блог

Менің әкем

Жүрегі жұмсақ, көңілі жаздай еді,
Еңбек сүйгіш тынымсыз жазбай белді.
Ешкімнен жақсылығын аямаған,
Асқар тау менің әкем қандай еді?!
 
Ойына да алмайтын арамдықты,
Білмейтін тіпті де ол сараңдықты.
Жомарттығы сүйсінтіп бар адамды,
Үлгі етіп кеткен еді адалдықты.
 
Биік қойды бәрінен абыройды,
Болды әкем бар адамға абыройлы.
‘‘Атақтан бұрын керек абырой’’ , – деп,
Айтатын әкем ылғи сөзін ойлы.
 
Ол асқақ ардақты еді, биік еді,
Әрқашан жаны еңбекті сүйіп еді.
‘‘Кейімеңдер кішкентай қызыма’’ , – деп,
Төбесіне көтеретін жиі мені.
 
Бұл жалғаннан Аллаға қайтар адам,
Кетеріңді қалайша байқамағам.
Көретін ем өмірі өлмейтіндей,
Менің әкем – қайыспас қайсар адам.