Түн маған ұйқтау үшін берілмеген!

Түн маған ұйқтау үшін берілмеген!
жеке
блог
Ұйқтамау керек диді есі бар жан, 
Естімін-ау білмеймін ұйқы қашқан.
Қараңғы түн отырмын жапа-жалғыз,
Қара қалам жаныма серік болған.
 
Төбемде жұлдыздар жымыңдасқан,
Бар сырын ашқандай түнгі аспан.
Тұп-тұнық  бейнесімен төніп тұр,
Сыртынан тереземнің көз тастасам.
 
Түн маған ұйқтау үшін берілмеген,
Бұндай түнде айтшы қалай көз ілем?
Тəтті қиял, нұрлы арман арасы,
Мына мені алыстарға  жетелеген.
 
Түнде туады тамылжыған тəтті өлең,
Түн ғой шіркін тудырғанда күйбелең.
Бұндай түні қалай ғана, қалқам-ау,  
Жұрт сияқты тыныш жатып көз ілем...
 
Түн маған ұйқтау үшін берілмеген, 
Жастығыма қайран басым тиер мекен.
Жастығым жалғызсырап жата берсін, 
Ал мен ұйқтамай-ақ өмір сүрем!
 
Назерке Бимахан