Көңіл құсы
жеке
блог

Көңіл құсы

Қысып кеуде,ентігіп,тарылып дем
Бөтегесі бітеліп тары-үміттен
Сен қолыңнан ұшырып жібергелі
Көңіл құстың айтатын зары біткен

Жатырқайды,бөтен жер,үйренбеген
Өзегінде өткеннің күйі кернеген
Жетім қанат іздейді қауырсынын
Даласынан сезімнің игермеген

Нəр алатын шөлдесе жыр ағыстан
Бұрынғыдай күндер жоқ құрақ ұшқан
Босап қалған торыңа телміресің
Бұлбұлымның естілсе үні алыстан

Ырғалады баяу жел ырғағымен
Қақса қанат жайылып сырға кілем
Бақыт гүлі бақтарды жарып шығар
Тұмсығынан құлаған бір дəнінен

Кеште қою көрінбес түстегі мұң
Қаһарынан тығылып қыс демінің
Күтеді енді жеткенше келер көктем
Жылы ұясын паналап құсбегінің

Бөтегесі бітеліп тары үміттен
Көңіл құстың айтатын зары біткен
Сен ұсынған сол кезгі тəттілердің
Білесің бе бүгінде дəмі кеткен...

(С) Абзал Алтый