Күткен бақыт!
жеке
блог

Күткен бақыт!

 
 
Іздеп жүріп бақытты,
Құр жоғалттым  уақытты.
Қиял қуып жүргенде,
Жылым жылжып жазыпты.
 
Бақыт іздеп əр сағаттың ішінен,
Бақыт оңай келмейтінін түсінем.
Ақ қардай аспаннан жерге жауып,
Қыс болып қайта айналып келермең.
 
Қыста кетті бірақ, бақыт болмады,
Қарда текке жауғаны ма сондағы?
Ақ бақытым үміт етіп, əлдене,
Көктемнен бір бақытты сұрады.
 
Көктем келді көңіліме ой салды, 
Ақ бақыттың жанындағы дидары.
Көктемнен де таба алмай миятты,
Жылы жазға бір жағынан бұрады.
 
Жазда жайнап жылы лебін бермеді,
Көңілімді мыңдаған ой  тербеді.
Күтіп жүрген алыстағы бақытты,
Жылауық жаз оңайлықпен бермеді.
 
Жазда өтті жағымды менің жаралап,
Бұл өмірден мен əлі бақ таппадым.
Енді күзден бір бақытты үміт етіп,
Қоңыр күзден бақытымды сұрадым.
 
Қоңыр күзде бір күрсініп үлгерді, 
Ол дағы бір нəрсені көздеді.
Алдаған ба, тек жазған ба, білмеймін
Күзде маған бақытымды бермеді.
 
Енді кімнен, неден сұраймын бақытты? 
Күтуменен тағы таңым атыпты.
Текке күтіп құрттыппын ғой уақытты,
Күткен бақыт балалықта қалыпты!!!
 
                                         Назерке Бимахан