Пендемін

Пендемін
жеке
блог

Мен күнмін аппақ нұрдан жаратылған,
Мен түнмін сәулесі жоқ қара тұман.
Мен гүлмін көктемде бүршік жарған.
Мен жапырақпын қоңыр күзде қурап қалған.

Мен періштемін аппақ ар, пәк ғұмырлы,
Мен күнәһармын ойы тар, соқыр жаны.
Мен жазбын жайнаған жазирасы,
Мен қыспын мұз қатқан мұнарасы.

Мен махаббатпын кіршіксіз жүректегі,
Мен сағынышпын мәңгілік бір тілегі.
Мен жерден де аласамын,
Ал көңілім таулардай биіктегі.

Мен бақытпын баладай бал-бұл жанған,
Мен қайғымын кеудеде жанышталған.
Мен өмірмін өзендей ағып жатқан,
Мен өліммін қара тас боп қатып қалған.

Мен пендемін,
Жаралған сағыныш пен махаббаттан.
Мен пендемін,
Бақытты іздеп қайғыланған.
Мен пендемін,
Періштеден айналған күнәһарға,
Мен пендемін,
Қыс боп қаһарланып, жаз боп күлген.
Күнде де түнде де дамыл таппай арпалысып,
Мен пендемін, өлу үшін өмір сүрген.