Илья Ильиннің жеңіс тұғырынан көрінген сәті

О Сансызбай Корреспондент
Илья Ильиннің жеңіс тұғырынан көрінген сәті

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында 105 келіге дейінгі салмақта Илья Ильин топ жарды. Әлем рекордын жаңартып, жеңіс тұғырынан көрінген отандасымызды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұялы телефон арқылы арнайы құттықтады. Өз кезегінде спортшы да қолдау білдірген Президентімізге алғысын жеткізді.

БӨЛІСУ

- Елбасы мені ұялы телефон арқылы құттықтады. Мен өте қуаныштымын. Менен жаңартқан рекордым жайлы сұрады. Шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жолығып, тілдесетіні жайлы айтты. Өзімді ұлт көшбасшысының жақын адамдарының бірі санаймын. Содан күш алып, жоғарғы нәтиже көрсетуге ұмтыламын. Елбасының қолдауына үлкен алғыс білдіремін, - деді Илья Ильин.

Сурет: massaget.kz