Асылай Есқалиқызы: " Адамдар-ай,өмір сүрейікші бірлесіп!"

Асылай Есқалиқызы: " Адамдар-ай,өмір сүрейікші бірлесіп!"
жеке
блог

(Ұстаз бен оқушы)

Мен оқушы өмір атты мектептің,

Ұстазыма Тәңір деген сенемін.

Сабыр.Иман.Тағдыр сынды сабақты,

Сөмкеме сап мектебіме келемін.


Ұзақ жолы бірақ бір күн жетемін,

Ұстазымнан құтылмайды екенмін.

Үйге берген бес парызды сұраса,

Не деп жауап беремін?!


Күнделікте ізі болмай екінің,

"Бес"алуға тырысып ақ көремін.

Басталғанша ұстазымының сабағы,

Іштей оқып қайталауға бекіндім.


(Кешегі және бүгінгі)


Қоғамға артып көп өкпе,
Күніміз күнде дүрлікпе.
Аяқты басып ақырын,
Қарайтын болдық жер-көкке.
Қай жерде сәби жатыр деп,
Алаңдар күнге жеттік пе?!

Жүрмейді әмір жүрекке,
Сезім дегенің көлеңке.
Кім кепіл әсте шырағы,
Біо жанып,қайта сөнбекке.
Ойнап жүріп от басқан,
Сезімім сезім емес де.

Ей,ана тыңда мені де!
Балаң келгенде өмірге,
Қоқысқа салар алдында,
Бір балаға зар болған,
Тау асып,тіпті тас басқан,
Күдерін үзбей дұға қып,
Жалынып жүрген Тәңірге,
Жүргендерді есіңе ал,
Байыппен ойлан әлі де.

Кінәлі кімдер бұл жерде,
Отбасы алтын діңгекте.
Алысқа шаппай айта алсам,
Кінәлі мына біз,сіз де.
Тәрбиелі тәлім берейік,
Өскелең ұрпақ өренге,
Жайқалып өсіп жапырақ,
Болсын десеңіз тамыры,
Көп қазылған тереңде.
 
Көпке күйе жақпаймын,
Келіп тұр жыр боп көңілге.
Ағайын,менде тілек бар,
Ерлерім абай болсыншы,
Зерелердің көзіне!
Қыздарым арын аттамай,д
Жолықса екен Е, Құдай,
Төре жігіттердің өзіне!
 
26.01.16жыл
 
Нүкте қою

(Табылды рухына)

 
Еңкілде мейлі еңіре,
Жылай бер жасың төгіле.
Өкініп қара жерді соқ,
Табылды енді,Көгіңде!
 
Күбірле тағы күңкілде,
Ойлай бер әр күн,әр түнде.
Гитараңды алып әнін айт,
Жетпейді дауысың, Қабірге!
 
 Мініп ап асау көлікке,
Жолға шық туған еліне.
Ауызыңды ашып сұхбат қыл,
Еңбектен енді ерінбе!
Табылды бәрін көруде!
 
Түйіп ап бәрін көңілге,
Жаза бер қалам,дәптерге,
Алғыс жаудыр сый бергін,
Ақынды көріп, білгенге.
Бард ақын бәлкім қуанар!
 
Ақша бер жарық,төлемге,
Шақыр жұрттың бәрін де.
Есіңе түссе есіңе ал,
Толағайыңды солай түгенде,
Келмеске кеткен мәңгіге!
 
Кінәлі мені айып де,
Ағаттық кетсе дәлелде!
Тірісінде білмей қадірін,
Өлген соң жұртым,Жер теппе!

Асылай Есқалиқызы