Қарттар үйі!

Қарттар үйі!
жеке
блог

Қарттар үйі 

Бір әже отыр шетте 

Екі көзін алмайды, терезеде

Орнынан бір мезетте тапжылмайды,

Баласын күтіп отыр ол әлбетте!

Баласы жүр, байлығы асып-тасып

Ақшасын оңды-солды, бекер шашып

Зәулім үй, мінгені қымбат көлік

Жүр емес пе, жалғанды жалпақ басып

Әйелі де дүниеқұмар, шатақ мінез

Ұнамаса ашуы келеді тез

Күйеуінде  өзіне бағындырып

Қалағанын жасатып жүреді әркез

Бар бәленің бастауы осы әйелден

Алғаш келін болып түскен кезден

Жүргені сиыспай енесімен

Құтылу керек болып енесінен

Әжейді қарттар үйіне өзі өткізген

(Ұлы қайда деген ой келген шығар?)

Ұлы қоштап әйелінің шешімін

Дайындайды ертесімен көлігін

Анасының бөлмесіне кіріп келіп

«Шеше, жинал, кететін де келді күн!»

Деп баласы бір ауыз сөзін айтып

Шығып кетті, біраз уақыт өткен соң

Келін келді бөлмеге көз алайтып

«Ал қане, болсаңыз сіз жиналып,

Шығыңыз үйден тезірек!»

Байғұс ана, кетті ғой жан қиналып

Келіп қалды көзіне жас жиналып

Баласының сөздері кеткен өтіп

Барады-ау жүрегін қан жылатып

Баласы әкеліп тастады қарттар үйге

Анасының созған қолын қағып тастап

Артына да қарамай кетті мүлде

Содан бері қарт ана өлі күйде