Туған өлке
жеке
блог

Туған өлке

Туған жерін сүймейтін, сағынбайтын пенде жоқ. Шет жүрсем ыстық лебізімді қара өлеңге түсіріп отыратын әдетім бар.
 
 
Туған өлке
 
Пай! Пай! Шіркін!
Туған жердің тынысы-ай,
Сонау жерде Қаратаудың тұрысы-ай.
Биік шыңнан, асқар-асқар белдерден,
Арыстанды желі беттен ұрысы-ай!
 
Пай! Пай! Бұл туған жер.
Туған аулым, қарашы,
Қартын сыйлар, тіпті титтей баласы.
Маған қымбат!
Аты шапқан жүгенсіз,
Бәйдібектің кең жазира даласы.
 
Сен дегенде менде шабыт тулайды,
Бұрын соңды көрмеп едім мұндайды.
Табиғатың, гүлің, шөбің, су жайлы,
Жырламаған адам мұнда тұрмайды.
 
Сені бәрі жырларына қосады,
Бәйдібегім, өнерлілер ошағы.
Небір шебер, майталмандар ұясы,
Арналады перзентіңнің осы әні.
 
«Шаянға барсаң, әншімін деме» - деген,
Әуезовтей ұлы тұлға айтқан кенен.
Бәйдібегім қалықтағын қырандай,
Самғай берші туған жерім сен дер ем!
 
Домалақтай анамыз бар киелі,
Ақ мешіттей үңгір де бар жүйелі.
Бабалары бақсы болған қазақтың,
Балалары туған жерін  сүйеді!                                               

©Арапханұлы Рысбек