Уақыт
жеке
блог

Уақыт

Сіз үшін қымбат не? Сұрақ жеңіл болғанмен,сауалға жауап лезде табыла кетпейді.Қымбат ұғымын әркім әр түрлі топшылайды.Бірі- Отан,Бірі- Ана,бірі -денсаулық үғымна теңеп жатады.ал кез келген табысқа жету үшін адам өз уақытын тиімді падалана білу керек. шайтан адамды:"Бұл дүние бір-ақ рет беріледі,әлі жассың нағыз шалқып жүретін кезің,жас кезіңде ойнада күл"- деп азғырады.сол сөздің жетегіне еріп, "темірдің қызған сәтінде соғатын" сәтімізді жіберіп аламыз. Бей берекет өмір сүруге дағдыланып, кейін "қап" деп сан соғып қалатындар да бар. Ұйқы- уақыт тапшылығын тудыратын негізгі фактор.Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды.Уақытты қалай болса солай өткізер болсаң үміт артар жол сілтей қоймайды. ал уақытты үнемді пайдаланып,ұлы мақсат жолына құрбан етсең еңбегің еш кетпейді сондықтан да уақытты бағалай білейік.


Уақыт қадірі

Уақыт соғады екен секундпенен,

Минуттарым жиылса сағат екен.

Сағатым айналса жиырма төрт рет,

Таңым атып, кешім батады екен.

Ойласам таңым атып кешім батса,

Өмірім бір-бір күннен қысқарып барады екен.

Күн жиылып ай болады,

Ай жиылып жыл болады.

Өмірімді жылдармен есептесем,

Білінбей соққан әр секунд қымбат екен.