Махаббат қой махаббат!

Махаббат қой махаббат!
жеке
блог

Жалаң жұрттан естіп пе едім аз дап сыр?

Махаббатым қалмаса екен маздап құр.

Бұрын саған селт етпейтін жүрегім,

Қақ жарыла жаздап тұр! 

 

Қажет емес... 

..Үмітімді сүйретпеу 

Қажет емес... 

...Ғашық болып, күй реттеу 

Шырқағаның қажет боп тұр əніңді, 

Бірақ ол да сиректеу. 

 

Тəңір егер қос мұңлықты қолдаса, 

Шұбар жолдар шыға қоймас онда аса. 

Сенен кейін жыламап ем негізі, 

Сəл көне алмай жүргендігім болмаса. 

 

Семген сезім қажытқаны жауыр ғой. 

Түнде бізге келмейді ме тəуір ой? 

Тым болмаса тарту етші бір əнді, 

Үнсіз кеткен ауыр ғой...

 

 

Ақгүл Айдарбекова