Ол жайлы өлең..

Ол жайлы өлең..
жеке
блог

Тазалық салтанат құрған махаббат нағыз махаббат! Ал менің сізге деген деген сезімім сондай пәк еді..

 

Мөлдір сезім 

 
Біздің жолды шарпыса да шатпақтар, 
Ақын қыздың аңғалдығын ақтап та ал! 
Менің мөлдір сезімімдей дəл қазір, 
Алматыға жауса екен аппақ қар! 
 
Жүрек тулап, басым ауып, күй маздап, 
Ессіздікке еліремін кейде аздап. 
Сізді мүлде жек көремін дей салдым, 
Сүйемін ғой дей жаздап. 
 
Кім біліпті..жұбатар деп бұлай мұң, 
Сырқат түнде сынық ғұмыр құраймын. 
Кейде сізді ойлап алып əдейі, 
Жаным, тəнім үгілгенше жылаймын. 
 
Қайран басым..төмен қарай бұғады. 
Жалаң жұрттан естіп жүрмін сын əлі. 
Бəлкім бұлай болуына бəрінің, 
Ақындығым кінəлі.. 
 
Ақгүл Айдарбекова 
17.02.2017