Жыр алыбы Жамбыл

Жыр алыбы Жамбыл
жеке
блог

Жамбыл бабам,жыр алыбы айбарлы,

Рухың демеп, әркез мені қолдайды.

Дәл өзіңдей өр мінезді қызыңа,

Өзің жайлы жыр жазбасам болмайды.

Қозғайды ғой жүректердің пернесін,

Естігенде атамыздың термесін.

Қазағымның кең даласы елестеп,

Туған жердің күйі тұрар күмбірлеп.

Ұзынағаш ұлы ақынның бесігі,

Арқау болған Жетісудың есігі.

Мойынқұмның салқын самал желі есіп,

Жамбыл таудың демеу болған есімі.

Талай жанның пірі болып алайда,

Қатарының алды болған қалайда.

Жыр алыбы атануы құр емес,

Сүйінбайдай жыр атасы тұрғанда.

Жиып алып халықты таңқалдырып,

Талай жыршы,жырауды тамсандырып.

Жыр дегенде ішкен асын жерге қойған,

Жамбыл бабам, баршаға үлгі болған.