Жүрегім гүлдеді менің..

Жүрегім гүлдеді менің..
жеке
блог

Алма ағаш жайқалып, гүлдеп
Бұл өмір тәтті ғой біл деп
Жүрегім гүлдеді менің
Сен келіп деміңмен үрлеп.

Жоқ боп ең жабықтым, тоңдым
Тоңдым да қолыңа қондым
Тербеліп иығыңда әсем
Туылған ару айдай болдым.

Ақ гүлі әдемі күйде
Алма ағаш ырғала билеп
Сенің де ақ гүлің болам,
Жүзімнен жүз рет сүй кеп!

 
Жұлдыз БЕЙСЕК