Сені сұрап көктен де...
жеке
блог

Сені сұрап көктен де...

Түн құшады қаланы
Жұлдыз жиып.
Қайғы болды-ау бар әнім
Бір мұң сүйіп. -

Әйнекті қыс түскенде
Емген қырау
Сені сұрап көктен де,
Жерден мынау. -

Түннен де бар күлкімді
Құйып алған.
Гүлден де бар нұрымды
Иіп алған. -

Қарауытқан күзден де
Көңілі жарым.
Сезбестен сенен басқа
Өмір барын. -

Мұңайып жас ұзатам
Қара желге.
Сұлуға шашы ұнаған
Бара гөрме! -

Жымиып қарамашы
Жанарына
Тал мүсін жоламашы
Тамағына. -

Ал біреу ұнап қалса
Мені есіңе ал.
Жүрегімде махаббаттың төресі бар... -

Түсіме енсең ғана
Сөзді ұғармын.
Сүйем деп келсең ғана
Көз жұмармын.

Жұлдыз Бейсек.