Жер жүзінен ғайып боп кетсем бе екен?!
жеке
блог

Жер жүзінен ғайып боп кетсем бе екен?!

Жер жүзінен ғайып боп кетсем бе екен?!

Күркіре күн!

Жау жаңбыр!

Соқшы дауыл!

Бәрі бітсін, ендігі жоқ шыдамым...

Айдаһар боп аузымнан от шығардым.

Төздім білем бәріне, көп шыдадым...

 

Мұң үстіне тағы да қосылар мұң.

Күндеріме күндерді қосып алдым.

Түндерімде ұйықтап тыныш қана

Ұмытсам ба, барлығын осылардың?!

 

Қайран өмір ғажайып ертегі еді...

Жай оты түс кеудеме, өрте мені!..

Қайғы жолы сан-саққа тарамдалған

Бақыт жолы осынша келте ме еді?!

 

Жынданып та кетуге аз-ақ қалам,

Мынау дүние меңіреу мазақтаған.

Тірі адамды салатын шырғалаңға

Неткен өмір жанымды азаптаған?..

 

Жауын жауса,

Жасымды төксем бе екен?!

Соқса дауыл,

Даурығып естен кетем!..

Нетсем екен?

Япырым-ау, нетсем екен?!

Жер жүзінен ғайып боп кетсем бе екен?!