Жанар

Жанар
жеке
блог


Уа, Жер-Ана, сүйінші, балаң ғашық,
Жыр-нөсер – жүрегімде, санамда шық,
Жанардың жанарынан сыр көрдім де
Жалғыздық, кешір, сенен барам қашып.

Мен бүгін, киелімін , қонды бағым,
Он тұрып орынымнан , он құладым,
Жеті құрлық жүрекпен үнін тыңдар,
«Жанар» деген күй шерткен домбырамын.

Мен енді, күліп жүрем, жасым қайғы
жағамнан алып маған бас ұрмайды,
Жанарды бір секундқа ойламасам,
Жанарым жұмылмайды, ашылмайды.

Төзімін тауысқанда түн сабырдың,
Ішінен шықтың алып мұң – сағымның,
Суретіңе мың қарап отырдым да,
алғаш рет, шын жылап -шын сағындым!!!

ШАРАПАТ РАУШАНБЕК