Қарбалыс
жеке
блог

Қарбалыс

Оянасың ала таңмен таласып,
Жанұяңмен он -ақ минут жарасып,
Кешке дейін аман бол деп кетесің
Жұмысыңа, уақытпенен санасып.
Автобусқа міндім әрең сығылып,
Біреу сыймай құлап жатыр жығылып.
Бір-бірінің аяқтарын тапалап,
Жұрт келеді бір қорапқа тығылып.
Таршылықты  ұлдарың да жур кешіп,
Бір аулада тоқсан үй тұр, тіркесіп
Ағаларым далада жүр сабылып,
Көлік қояр таба алмай бір тесік.
Не іздеймін осынша тар қалада,
Мазалайды сан түрлі ой санада.
Менен көрі сен бақытты екенсің,
қойшы бала, шалқып жүрген далада.