Болашақтың нұрына жол нұсқаған...

Болашақтың нұрына жол нұсқаған...
жеке
блог
Аяулы, ардақты ұстаз кемеңгерім,
Үйренерім, аларым көп сенен менің.
Сусындап сен арқылы білім нәрін,
Қыр-сырына ғылымның тереңдедім.

 

Сенің арқаң, өмірді танағаным,
Ғылым-білім сіңірдім санама мың.
Арнаған шәкіртіне махаббатын,
Ұстазым қамқоршым сен, сағынарым.

 

Өр тұлғаң көз алдымда сақталғанда,
Жүректе әрбір сөзің жатталғанда,
Болашаққа барамыз қадам басып,
Азамат деп елімнен атты алғанда.

 

Қаситетті, қадірлім, аяулы елге,
Білімді мақсат тұтқан сенен пенде.
Кемеңгерлік, даналық, ұлылықтың,
Шыңдарына шығудың кілті сенде.

 

Аяулы, ардақты ұстаз, асыл данам,
Болашақтың нұрына жол нұсқаған.
Жүрегімде орның бар таңғажайып,
Қарыздармын, ұлы ұстаз, мәңгі саған.

 

6.10.2013ж