Студенттік ой - тәмсіл

Студенттік ой - тәмсіл
жеке
блог

Студент ол күні кеше ғана 11 жылдық мектепті сыңғырлаған соңғы қоңырауымен аяқтаған жас бозбала еді. Мектеп – екінші ыстық үйі болған еді, іс – шаралар мен, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадаларды бірге алып жүрген нағыз жеңімпаз еді.

Қазіргі таңда ол жауапкершілік деп аталатын үлкен даңғыл жолға аяқ басты. Жалпы, ойлау қабілет, ойлау, жетілу уақыт ағымымен, өтуімен келетін үлкен еңбегі бар күш. Әрине, біздің заманда қазірде, жасы небәрі 11 – де болса да, университет қабырғасында студент атанып жүрген вундеркинд балалар да бар. Айайын деген ойым, біріншіден бейімделу, екіншіден айналаға деген көзқарасының жетілуі, дамуы болып отыр.

Мен 1 – курс студентімін. Мектеп кезіндегі оқушы мен университет қабырғасындағы судент арасындағы айырмашылық бар ма?

Бұл сұраққа мен үзілді – кесілді «иә» немесе «жоқ» деп те айта алмаймын. Алайда, негіз бір – ол талмай оқу, әр кез үнемі жетіліп отыру, пайдалы іспен айналысу т.б. дер едім. Шыны керек, 11 –сынып аяқтағанда көзіме еріксіз жас келген еді, себебі «оқушы» деген титул жадыма мәңгі сіңісіп кеткендей сезім болды. «Университетте қалай болар екен» деген сынды сұрақтар да толғандырып қоятын.  Қазіргі күнге дейін оқыған мектебімді көзім шалып қалса, бірден қызықты да шығармашылық табысқа толы кездерім есіме түсіп, ұлағатты ұстаздарым мен достарымды сағына бастаймын.

Қазіргі студенттік өмірімді саралайтын болсам, жуық шамамен оқып жүргенімізге  2 айға да жетіп қалды. Студент үй тапсырмасын да, үй шаруасына да, өзге де жұмыстарын аяғына дейін орындап, үлгеруі қажет. Жауапкершілік екі еселенді деп айтсам болады. Бұл тұрғыда бір айтарым бар, адам үлкен жаста не кіші, орта жаста болса да, оның түкпірінде кішкентай ғана бала жүрегі болады дегім келеді. Сол сияқты, «студент болдым» деп, бәріне үлгеретін жандар болады, онымен қатар өзінің бұрынғы «оқушы» кейпінде қалып қалатындар да бар. Яғни, ол адамның «көремін,оқимын, қайтсем де жетемін» деген ішкі ойлары мен мақсаттарының болмауында деп ойлаймын. Қай жағынан алып қарасақ та, университет, ол өмір деп аталатын нағыз шығармашылық жолыңның ашылуына септігін тигізетін орта деп есептеймін. Әр нәрсеге қызығушылық танытып, оны баяғы қалпынан гөрі одан да көркемдеп алуға болады. Ол тағы адамның өзіне байланысты болады дегім келеді.

1 – курс болғандықтан да, адамда ең алдымен адаптация деген ұғым болады. Бейімделу 3 – 6 айдың жетегінде жүреді. Сол ортаға сіңісіп, жаңа таныстықтар, оқу ережелерімен бағдарланып, белгілі бір уақыт аралығында бәрі өз орнына келеді дегім келеді.

Әрбір адам өз алдына жеке тұлға болғандықтан да, кейбір студенттерде үлгере алмау, бейімделу сынды нәрселер баяу қарқынмен жүріп жатады. Бұл ең алдымен, адамның өзін арқа тежегіш кері қасиет деп қарастыруға болады. Осындай сәттерде нағыз тұлға болып шыңдалуға сәттер туады, «әрбір жасалған істің барлығы - жақсылыққа» дегендей, қоғамға, өзіңе «әлеуметтік қиялмен» қарау ең дұрысы деп ойлаймын.

Бұл салада студенке қажетті ынталылық, табандылық, сабырлылық пен өзіне деген сенімнің мықты болуын айтар едім. Қазіргі студент – ертеңгі күннің маман иесі болғандықтан да, әркім өз ісін байыбына дейін орындап және өзін тұлғалық жетілдіріп отырса қоғамды да, мемлекетті де жарқын болашақ күтіп тұр дегім келеді.

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факультеті 

1 - курс студенті