ҚазҰУ – білімділер ордасы

ҚазҰУ – білімділер ордасы
жеке
блог

     Алты жасымда ең алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Үлкендердің айтуынша кішкентайымнан әңгімешіл, кез келгенмен тіл табысып, оған қоса ауызым тынбастан сөйлей береді екенмін. Сол кезде көрші Мұхамет ата:

    - Әй, осы қыз түбінде жүрнәліс болады. Өзі тықылдап-ақ тұр, - деп айтқан екен. Бірақ мен «сәулетші боламын» деп айтатын едім. Кейін мектеп қабырғасында жүріп әдебиетті қалай жақсы көретінімді, сәулетшіден гөрі жаныма шығармашылық жақын екенін түсіндім. Осы жолды таңдаймын деп шештім де алдыма үлкен бір мақсат қойдым. Шешіміме қарсы болған жандар да болды, оған қарамастан алға жылжи бердім. Өмірімдегі үлкен сынақтардың бірі Ұлттық Біріңғай Тесттен жоғары балл жинап, өзім қалаған университетке, бала кезімнен армандап жүрген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түстім. Тәңірдің қалауы шынымен сол болған шығар, мені сол мақсатына жетсін, елді аузына қаратқан журналист болсын деген болар?..

     Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – көпшіліктің арманы.  «Кaзгугрaд» қaлaшығы деп aтaлып кеткен құтты мекенде студенттердің білім aлуынa бaрлық мүмкіндіктер жaсaлған. Өмірбек Жолдaсбеков aтындaғы студенттер сaрайы, үлкен әрі aуқымды «әл-Фaрaби» кітaпхaнaсы, спорткешені мен стaдион, жaңa ғимaрaттaр, әскери кaфедрa, технопaрк, студентке aрнaлғaн студенттер үйі, медицинaлық ортaлық және «Керемет» студенттерге қызмет ету ортaлығы студенттер игілігі үшін қызмет жaсaп отыр.

      Қазақ Ұлттық  университеті. Бұл сөзді естігенде ең алдымен ойыма келетіні - жақсы әрі сапалы білім. Болашақта өз кәсібіңнің маманы болу үшін білім керек. Мәселен, бір сала бойынша кәсіп ашпақ болдым делік. Қолымда қаражатым бар. Бірақ, ол саланың анық-қанығын білмесем, нені қайда және қалай бастайтынымды білмесем, ол сала туралы білімім болмаса, не пайда? Сондықтан да, қандай істі бастамақ болсаң да, білім керек. Жақсы әрі сапалы білім. Ал мен ол нәрсені ҚазҰУ-дан көрдім.

      ҚазҰУ – білімділер ордасы. Cыйлaстық пeн шынaйы дoстықтың мeкені. ҚaзҰУ – aдaмның тұлғa бoлып қaлыптacуына ықпaл етiп, тұлғaның жaн-жaқты қaбiлетiн aшып көpceтуiнe мүмкiндiк бeрeтiн мeкeн. ҚaзҰУ – тaлaнтты, дapынды cтудeнттepдiң бacын бiрiктiрiп oтыpғaн мeкeн. ҚазҰУ – кез келгеннің уысына түсе бермейтін, өз ортасынан суырылып алға шыққандардың мекені. ҚазҰУ – армандар мекені. Өз арманымнан бас тартпай, керісінше соған қарай талпынып, алға ұмытылып беделді университеттердің бірінде білім алып, сол жердің студенті атанғанымды мақтан тұтамын және армандардың орындалатынына сенемін!