Менің балалық шағым

Менің балалық шағым
жеке
блог

Балалық шақ қандай? Бұл сұрақтарға жауап беру оңай емес, өйткені балалық шақ әртүрлі: қайғылы және күлкілі, жақсы мен жаман. Бірақ менің балалық шағым сиқырлы және керемет өтті!Өмірімнің қысқа мерзімінде мен балалық шақ, ғалымдар айтқандай, туылған сәттен бастап он бір жылға дейін созылмайтынын түсіндім. Бірақ бұл уақыт - ашылатын уақыт, салтанат пен шексіз еркіндік уақыты. Сіз өсіп келе жатқанда, кез-келген нәрсені жасай аласыз.Сіз әртүрлі ойындар ойнаған кезде, әлем алға жылжиды, сіз балалық шақтың аяқталып жатқанын байқамай өсесіз, балалық шақ тыныш және байқалмастан кетеді.Барлық балалар өте ересек және тәуелсіз болу үшін тез өсуді қалайды және осы сәт келгенде олар мұндай асығыстықтың бекер болғанын түсінеді.

Мен кішкентай кезімде әрқашан туған күніме тілек білдірдім - тезірек өссем екен деп,бұл менің балалық арманым,еркелігім деп білемін. 

Қазір біз ересек жастағы және балалық шақ тақырыбында қауіпсіз ой жүгірте алатын жастамыз.Бұл, ең болмағанда, мен үшін керемет уақыт. Бұл сіз жаңа нәрсе білетін, күнделікті жаңалық ашатын кез, сіздің кішкентай жетістігіңізге бәрі таңданады, сізді әрқашан жанұяыңыз қолдайды.

Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске түсіргенде, өз-өзіме көңілім толмай ұрысып аламын. Сол кезде жасаған көптеген оғаш қылықтарым үшін маған өкпелеп қалған адамдардан кешірім сұраймын. Кей сәттерді еске алғанда тіпті ішек қатып күлгенім де бар. Балалық шақ балдай тәтті ғой, арасында ащысы болса да, ол- балалық еркеліктің еншісінде. Ертең есейген шағымызда балалығымызды қатты сағынатын болармыз. Әрине, сағынамыз. Қазір бізде сағыныш бар, бірақ ол соншалықты қатты емес. Достар, есеюге асықпайық. Оған әлі жетеміз.Бірақ балғын шақ қайтып оралмас ешқашан.