Мені оятқан тылсым...

       Мені оятқан тылсым...
жеке
блог

    Ертеңгі  күннің арайлап атар таңын күтіп неге жататынымды түсіне алмай келем. Күні бойы жыпылық қағып байыс таппаған көзім, тынығар уақыты келіп, жарты əлем көзін жұмғанда бір жұмылмайды ғой. Мен де ұйқыға батып кетейінші деп көзімді тарс жұмып алсам да не өзі де, не мені де тыныш жатқызбайды. Əдейілеп таңның атқанын күтетіндей, терезеден қараңғы даланың  күн нұрына бөлнгенін көре сала, тоят тапқандай, бəсеңдеп келіп жұмылып баяу  ұйқыға кетеді. Сонау көкжиектен көтерілген алтын , шетсіз-түпсіз мұхиттың ортасын жарып келе жатырған қайықтай жолындағы  қалқып жүрген шөкімдей бұлттарды ары ығыстырып, мөлдір көк аспанның қақ ортасына жақұттай жарқ етіп келгенде көзім шымылдығын əлсін əлсін ашып , үйді айнала əрлі берлі  қозғалған аяқтарға қиығымен ғана ұрлана қарайды. Міне, көзімнің осылай күн мен түнді шатастырып келгеніне бүгін тағы бір күн қосылды. Көзіме таңды атар уақытында бір-ақ көрсетейін деп, əдейілеп ертерек ұйқыға қамдансам да, əрлі-берлі дөңбекшіп жата алмаймын, көзімді жұсам осыған дейін оқыған кітаптағы кейіпкелерім елестеп, олар да ұйқы бермейді. Енді көзіме ақылым қосылып, өз өзімнен жіпке тізілген моншақтардай əдемі сөздердің тізбегін жалғай түсемін. Кейде ойша жағымды-жағымсыз кейіпкелеріммен тіл қатысып, не олардың орнында өзім болып  тұтастай бір оқиға баяндалған кітаптың ішіне еніп кетемін. Бұл тылсымды түсіне алмай жүргенімде, тағы да алдымнан массагет шығып, сауалыма жауап берді. "Мен түнгі 23:00-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс жасағым келеді" деген Ақан Марғұланның блогі маған нақ жауап болғандай. Массагетімнің көмегін түнгі ақылыма қайратымды жалғап қарадым: ойыма келген сөздерді қаламмен ақ қағазға қадамдап жаза бастадым , жаза бердім. Жазып отырып бір нəрсені сезіндім, ол - тыныштық болатын. Аспан мен жер де, аң мен адам да шырт ұйқыға жатқанда мен сияқтылар үкідей  көздерін аша түсіп, күндізгі тынымсыз шудан тыныштық таппаған  миы түнгі сарынмен шабыттана түседі екен. Ойлап қарасам, көзімді жұмғызбайтын да, ақылыммен қайратымды да біріктірген  жүрек екен - жүрегімдегі кітап жаққан рухани шам екен. Шамнің лаулап жанғаны сонша ақылымды өзінің жалынына орап, жалынды ойлар туғызды. Енді міне, қайратыма шоғы түсіп маздап жатыр. Ақырында Абай атамыздың асыл сөзі ойға оралды. Ұлы хəкім айтқан ақыл, қайра, жүрек ушеуі даусыз бірігіп, жүрек көсемі боп шыға келді. Қазір міне , баяғы əдетіне басып көзім " күн атты ма екен?" дегендней терезе жаққа бір қарап қояды.  Күн шапағы терезге ұсталған пердеден сығалап қарап, баяу үйге еніп келеді . "Күнді кім бірінші көреді екен" деп келісіп алғандай ауылдың шет шетінен шыққан əтештер дауысы жамырап қоя берді. Міне тағы бір күнді ұйқысыз өткіздім, есесіне  ай шығып, жұлдыздар жымың қаққанда мен енді не істеу керектігін білемін, бұрынғыдай құр дөңбекшіп , ойыммен сөйлескенше қайратымды іске қосып сол ойды жаза бермекпін. Рахмет саған ,Массагет!

 

 

P.S: Кезекті ұйқысыз өткен күнімде жүрек, ақыл, қайратым үшеуі бірігіп тындырған шаруа осы болды)

 

Ал сіздер ұйқысыз түнді қалай өткізесіздер, массагеттіктер?